Шымкенттік шыңға өрмелеушілер жүлде қорын жаңартты

225

Оңтүстіктің шыңға өрмеулеу спортшылары үшін биылғы жыл сәтті басталды. Ел кубогі үшін таластың алғашқы кезеңінде жерлестеріміз командалық есепте бірінші орыннан көрінді. 8 алтын, 5 күміс және 5 қола медальды жеңіп алып, жүлде қоры жағынан рекордты жаңартты.

шыңға өрмелеу спортының шеберлері рекордты жаңартты
шыңға өрмелеу спортының шеберлері рекордты жаңартты

Владимир Селиванов, шыңға өрмелеуден ОҚО аға бапкері: «Біздің командада Даша Панфилова, Маша Чистова, Валера Сердюк жасөспірімдер арасында көзге түсе білсе, Елена Груняшина, Алексей Панфилов, Арайлым Ердаулет ересектер арасында топты жарды. Шәкірттерімінің танытқан ептілігіне дән ризамын. Дұрыс бағытта жұмыс жасап жатырмыз деген сөз.»

Елена Груняшина кезекті рет жеңіс тұғырынан көрінді. Жастар арасындағы құрамада ептілігін сынға салып, бір алтын және бір күміс медальды облыс қоржынына салды. Екінші орынды жерлесіміз жылдамдыққа жарысып, ересектер арасында топты жарды.

Еленаның ендігі мақсаты Әлемдік доданы бағындыру
Еленаның ендігі мақсаты Әлемдік доданы бағындыру

Елена Груняшина, спортшы: « Бұдан да жақсы өнер көрсетуге болар еді. Қателік жіберіп қойдым. Енді оларды жөндеумен жұмыс жасаудамын.».

Ал бөгеттер арқылы өтуде тағы бір жерлесіміз мықтылық танытты.  Арайлым Ердаулет өзінің тобында бірінші болып, алтыннан алқа тақты. Алты жылдың ішінде ол 70-тен астам медальға қол жеткізіпті.

Арайлым қатарластарының арасынан үздік танылды
Арайлым қатарластарының арасынан үздік танылды

Арайлым Ердаулет, спортшы: « Бірінші рет шығып жатқан жоқпын. Алайда бұл жолы қарсыластар да оңай болмады. Десек те сәттілік менімен бірге болды деуге болады».

Алексей Панфилов ересектера арасында жүлде бола алмай 12-ші орыннан ғана көрінді. Алайда жерлесіміз қатарластарының ішінен топты жара білді. Қиындыққа жарысу тәсілінде ол үздік екенін дәлелдеді.

Алексей Панфилов, спортшы: «Ересектер арасында қыздарға қарағанда ерлер тобында қиындау. Қарсыластары да мықты. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері жарысқа шығады. Десек те келесі жолы жүлделі болу үшін жаттығамын».

Ел чемпиондары осы шағын ғана залда жаттығады
Ел чемпиондары осы шағын ғана залда жаттығады

Алда әлі екі кезең күтіп тұр. Оның бірі ақпан айында астанада өтеді. Ал қорытындысы Шымкентте жалауын көтереді. Ал сәуір айында Алматыда республика чемпионаты өткелі жатыр. Ол турнирде Әлем чемпионатына іріктеу өтеді.