Шымкенттіктер балаларын еркін күреске баулуда

278

Шымкенттің ең кішкентай балуандары сынға түсті. Еркін күреспен енді ғана шұғылданып жүрген жеткіншектер үшін бұл турнир алғашқы сынақ деуге де болады. Сол себепті де №10 жекпе-жек түрлері мектебінің ашық біріншілігіне шалғай аудандардан да спортшылар келген.

Шымкенттің ең кішкентай чемпиондары анықталды
Шымкенттің ең кішкентай чемпиондары анықталды

Мұрат Қыпшақбаев, №10 жекпе -жек түрлері мектебінің директоры: «Еркін күрестен биыл бірқатар жарыстар бар. Республикалық турнирлер және де марқұм Түсіпхан Сайхановты еске алуға арналған халықаралық дода өткізсек деп жоспарлап отырмыз».

Шым қалада жалауын көтерген турнирде Бәйдібек, Сайрам, Түлкібастың палуандары да сынға түсуде. Қандай жарыс болмасын  бапкерлер шәкіртін осындай жарыстарға алып келуге тырысады. Өйткені бұл жастағы палуандар тек турнирлерде шеберлігін шыңдай алады. Бұл жолғы жарысқа сегіз команда келіп отыр, он салмақ дәрежесінде өтуде.

Қаланың ашық біріншілігі еркін күрестен облыстық турнирге іріктеу. Сыннан сүрінбей өткендер республикалық додаға жолдану үшін тырысып бағады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=qzIHfmDWRn0[/youtube]