Оңтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері бала зорлаған адамды ұстады. 2013 жылы Сарыағаш АІІБ-не 45 жастағы жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен. Арызданушы оның 5 жасар баласы іс-түссіз жоғалғаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы анықтау кезінде куәгерлер мен баланың туыстарының айтуы бойынша, аулада ойнап жүрген екі баланың біреуін мас адам белгісіз бағытқа ертіп кеткенін қасындағы бала полиция қызметкерлеріне айтқан.
Полиция қызметкерлері баланы іздеуге кіріскен. Іздестіру іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері, жылап жүрген баланы тауып алған. Ал, баланың денесінен сарапшылар жыныстық қатынас сипаттындағы дене жарақатын тапқан.
Орын алған аса ауыр қылмысқа күдікті ретінде 1974 жылы туылған, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған жергілікті қойшыны құрықтады.
Тергеу кезінде тәртіп сақшыларының анықтағаны, сол күні күдікті спирттік ішімдік ішіп, көшеде келе жатып ойнап жүрген екі баланың жанына келіп, оның біреуін сөзбен алдайды. Оған көнбеген баланы күшпен сүйреп өзінің қой бағып жүрген жеріне апарып қорлаған. Содан соң жылаған баланы үйіне жібере салған.
Аталған жайт бойынша, ҚР ҚК-нің 121 бабы «Нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған күдікті қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.