Қошқар ата өзенінің бойындағы баспана иелері наразылыққа шықты

254

Тұрғындар Шымкент билігінің әрекетіне қарсы. Бүгін Қошқар ата өзенін бойлай орналасқан баспаналардың иелері наразылыққа шықты. Олар өз жерлерін мемлекеттік мақсатқа беруге қарсылық білдіріп жатыр. Өйткені өзен бойындағы жермен жексен болуы тиіс 200-ге тарта үйді әкімдік тым арзанға бағалап жатса керек. Оның үстіне тек жер теліміне ғана ақша бермекші, ал үй құрылысына кеткен қаржыны кімнен өндіреміз дейді олар.

Бұл тұрғындардың басым бөлігі отыз жылдан бері осы маңда тұрады. Жиырма жыл болды,» үйлеріңіз бұзылады» деген сөзден әбден зәрезап болған. Ал былтыр әкімдік шешім шығарған кезде, амалсыз көнуге мәжбүр болдық дейді. Бірақ жер телімдері мен үйлерінің бағалау актілерін қолға алғанда ашуға булыққан. Үйімізді сутегінге бағалады деп күйінуде.

Қаһарман Нысанбаев, Қошқар ата көшесінің тұрғыны: «Төрт немерем бар, келінім, ұлым мен. Барлығымыз құлап қалған үйімізді қайта тұрғызайық десек, салма дейді. Беріп отырған ақшалары мынау. Қайда барамыз, не істейміз? Үй салмаңдар деген соң, екі бөлмелі етіп, шағын баспана салдық. Өлместің күйін кешіп отырмыз».

Мырзагүл Дүйсенованың үйін 2 миллион теңгеге бағалаған. Көпбалалы ана бұл қаражатқа бір бөлмелі пәтерде сатып ала алмайтындығын айтып шырылдайды. Далада қаламын ба деп қауіпеніп отыр.

Тұрғындар билік өкілдерінің бұл әрекетіне наразы. Оның үстіне бағалаушы мамандардың үйді тексерер кезіндегі әрекеті де ашу ызасын турдырса керек. Қошқар-ата өзенінің басындағы күзетші мен бір бойжеткен келді дейді дейді. Өздерін таныстырмақ түгілі, үйге рұқсатсыз кіріп, суретке түсіріп кетіпті.

Алима Райханова, Қошқар ата көшесінің тұрғыны: «Біздің тағдырымызды күзетші мен бір қыз ғана шешу керек пе? Неге бізбен санаспайды. Неге бағалаушы комиссиясын дұрыс құрмайды? Ауру шешем мен кішкентай қыз не біледі, біз жоқта келіп, суретке түсіріп кеткен. Келіспеймін бұл бағамен».

Былтыр тамыз айында газет бетіне тізімі жарияланған 200-ге жуық үй тұрғындарының шағымын тыңдамақ түгілі, дұрыс жауап пен түсіндірме жұмыстары жүргізілмеген мұнда. Енді олар бұл бағалауға қарсылық білдіріп, үйді бұзып жатса да баспнадан шықпаймыз деп бекініп отыр.

Бақытжан Әшірбеков, қала әкімінің орынбасары
Бақытжан Әшірбеков, қала әкімінің орынбасары

Тұрғындардың наразылығын естіген қала әкімдігі олармен мүлдем келіспейді. Өткен жылы 15-тамызда қала әкімінің арнайы қаулысымен 158 нысан мемлекеттің мұқтаждығына өткен. Өйткені олар киелі «Қошқар ата» өзенін кұтіп ұстауға кедергілерін келтіруде екен. 158 нысанның 111-нің бағалауы шығып, онымен 35 отбасы келісіп отыр дейді қала әкімінің орынбасары Бақытжан Әшірбеков.

Бақытжан Әшірбеков, қала әкімінің орынбасары: «5,6,7 млн. жаман қаржы емес. Ол жердегі үйлердің өзі елу жыл болған салынғанына. Ешқандай санитарлық талаптарға сай келмейді. Ретсіз соғылған аумақ. Сондықтан бағалау жұмыстары дұрыс болды деп есептеймін».

Бағалаумен келіспеген тұрғындар сотқа шағымданса болады дейді қала әкімінің орынбасары. Соңғы нүктені сот қояды деп отыр. Ал  бағаланған үйлерді алуға бюджеттен қаржы бөлінеді. Ол мемлекеттік сатып алу заңы бойынша жүзеге асады. Заңмен қатаң қадағаланады дейді басшылық.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=JcZfwDViN_M[/youtube]