Әлия Жұманованың туыстары оған тағылған айыппен келіспейді

291
Әлия Жұманованың туыстары баспасөз мәслихатын өткізді
Әлия Жұманованың туыстары баспасөз мәслихатын өткізді
Әлия Жұманованың туыстары баспасөз мәслихатын өткізді

Полицейлердің сөзі негізсіз, тағылған айып дәлелденбеген. Бүгін Әлия Жұманованың туған туыстары баспасөз мәслихатын өткізіп, бауырын қорғауға кірісті. Айта өтейік ол өз күйеуі, кәсіпкер Рашид Жұмановты улап өлтірді деп айыпталып жатыр. Бірақ күдіктінің туыстары мұнымен мүлде келіспейді. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне де өкпелерін жеткізді.

Әлия Жұманованың туыстары БАҚ өкілдеріне  бірден осылай жауап қайтты. Олар бірауыздан бауырларының кінәсіз екенін алға тартты. Айтуларынша, тергеушілер де дәйекті дәлелде жоқ көрінеді. Күдіктінің әпкесі Әсия Қалмырзаеваның айтуынша, Әлия Жұманованың жұбайын өлтіруге негізде жоқ дейді. Өйткені, кәсіпкердің бар мүлкі мен көлік базары 2009 жылдан бастап, Рашид Жұмановтың ұлының атына аударылған.

Ал қылмыстық істің тергеу құжаттарына қол салған инспекторға күдікті тараптан ешқандай тапсырыс түспеген дейді қорғаушы.

Қорғаушы: «Санкция шығардан бір күн бұрын құжат жоғалды. Бұл Әлия мен оның туыстарына кері әсерін тигізді. Менің ойымша, екінші жақтың қызығушылығы бар еді».

Еске сала кетейік, өткен аптада әл Фараби аудандық соты Әлия Жұманованы қамауға санкция берген еді. Оған өзінің жұбайы Рашид Жұмановтың өліміне қатысы бар деп отыр. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Айта өтейік кәсіпкер Рашид Жұмановтың өліміне қатысты қылмыстық іске 3 жылға жуық уақыттан бері нүкте қойылмай келеді. Тек оның аса улы дәрімен уланып өлгені анықталды. Полицейлер кәсіпкерді өз әйелі өлтірді деп, Әлия Жұманованы қамауға алғанымен ол мұны жоққа шығарып жатыр. Полицейлер кәсіпкер өліміне қатысты тағы бір версияны өткен аптада жариялады. Анықталғанындай Рашид Жұмановтың ашынасы болған, бұл жайтты оның 20 жылдан бері отасқан әйелі Әлия біліп қойса керек. Бұл оқиға да кәсіпкер өлімінде басты рөл ойнаған болуы мүмкін.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Ht0WhaTuEv8[/youtube]