Бейбіт Мырзагелдиев – «Үлгілі имам»

Бейбіт Мырзагелдиев
Бейбіт Мырзагелдиев
Бейбіт Мырзагелдиев

Облыстың бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтің жұмысы өзге имамдарға үлгі. Таяуда ҚМДБ-ның төрағасы  Әбсаттар қажы Дербісәлі өткен жылды қорытындылап, келешекке бағдар түзді. Жиын барысында  татымды тірлік атқарған бірқатар имамдарды сый-құрметпен жарылқады.

Еңбегі еленгендердің қатарында ҚМБД-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бейбіт Әліпбекұлы да бар. «Үлгілі имам» номинациясын  жерлесімізге бас мүфтидің өзі тапсырды. Айта кетейік, өңірімізде Ислам дінінің асыл құндылықтарын насихаттау және жат пиғылды ағымдарға қарсы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Былтыр облыстағы  3045 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілген.