Бірінші лига командалары жарысқа түсті

252

Шымкенттің жасыл алаңында Премьер лига командаларының қосалқы құрамалары алаңға шықты. Дәстүрлі «Үміткер» турнирі биыл да басталды. Оның үстіне бұл жолы оңтүстікте жиналған командалардың қатарын бірінші лига ойыншылары да толықтырды. Бар жоғы жарысқа 8 команда жиналыпты.

бапкерлер турнир соңында іріктеу жасайды
бапкерлер турнир соңында іріктеу жасайды

 

Нұрлан Орынбаев, №7 футбол мектебінің директоры: «Жарысқа белгісіз себептерге байланысты бірқатар командалар келе алмапты. Алайда турнир ойдағыдай өтті. Алдағы ел біріншілігіне дайындығымызды да байқап көрдік. Әрине, қателіктер жоқ емес. Ендігі жерде оларды жою үшін тер төгетін боламыз. Оның үстіне наурыз айында тағы бір Республикалық турнир осы Шымкентте басталады. Соңғы іріктеу сол жарыста болады».

Нұрлан Орынбаевтың бірінші лигада ептілігін сынға салып жүрген командасы турнирдің алғашқы күні Қаратаудың «Лашынымен» бақ таласты. «Биик» командасының жастары тәжірибе жинақтап қалғаны ойынның алғашқы минуттарынан -ақ байқалды.

 "Үміткер" турнирі ҚР чемпионатының алдындағы соңғы тірнирлердің бірі
«Үміткер» турнирі ҚР чемпионатының алдындағы соңғы тірнирлердің бірі

Бұл жолғы «Үміткер» турнирінде бірінші лигада Шымкенттің намысын қорғайтын жергілікті екі команда да ептілігін сынады. Тек «Қыран» ғана бұл күндері Өзбекстанда.

Жарыстың өтуіне ауа-райы да қарасып тұрғандай. Бір мезетте екі алаңда матчтар өтіп, турнир жоспар бойынша өтуде. Тағы он күннен кейін чемпиондар анықталып, аяқдопшылар кезекті оқу жаттығу жиынына жол тартады.

Жарыстың оныншы күні ақтық кездесулер өтті. «Үміткер» турнирінің бас жүлдесі үшін Қаратаудың  «Лашын» командасы мен №7 футбол мектебінің футболшылары таласқа түсті. Шешуші матчқа қос команданың аяқдопшылары дайындықпен келгені байқалады. Алғашқы таимда тең түсіп, жанкүйерлерді тартысты ойынымен қуантты.

Бұл жолы "Лашын" командасы ептілік танытты
Бұл жолы «Лашын» командасы ептілік танытты

Ал екінші алаңда «Ордабасының» қосалқы командасы тараздықтармен сынға түсуде. Олар үшінші орын үшін таласып, негізгі уақытта есеп 2:2 болып аяқталды. Нәтижесінде 11 метрлік соққы матчтың тағдырын шешті.

Бұл жолы да тараздық қонақтар алға шықты. Қорытындылай келгенде  «Лашын» бірінші орыннан көрінсе, екінші орынды бииктің жастары еншіледі. Ал алғашқы үштікті «Тараз» командасының қосалқы құрамасы жеңіп алды. Топты жарған командалар қаржылай сыйлыққа да ие болды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1Z1O2JWfRNE[/youtube]