Емхана маңы заңсыз тұраққа айналып кетті. Самал -3 шағынауданының тұрғындары осылай деп шағымданып жатыр. Жол бойында орналасқан №6 қалалық емханаға келіп -кетушілердің көлігі мен таксисттер жолды жауып, жиегін заңсыз тұраққа айналдырып жіберген. Сөйтіп Онсызда тар әл-Фараби көшесінде жүріп-тұру мүмкін болмай қалды.
Емхана күзетшісі Ерлан Тоғызбаевтың күнделікті жұмысы көліктердің иесін іздеп, келесісіне жол ашумен басталады. Қалай болса, солай қойылған көліктердің жүргізушісін іздеп әлек болады. Арнайы автотұрақ болмаған соң, тар жолда тамаша боламыз деп күйінеді.
Ерлан Тоғызбаев, №6 қалалық емхананың күзетшісі: «Үнемі осы. Арнайы автотұрақ болуы керек қой. Қашанға дейін бұлармен арпалыса беремін? Екі шетінен екі тұрақ жасап берсе, жақсы болар еді».
Емханаға қарама-қарсы тұрған дүкен иесі кейде кіріп-шығатын жол таппай қалады. Емделушілерден бөлек, таксисттер дүкен алдын заңсыз тұраққа айналдырып алған. Жол полициясы мен учаскелік полицияға да шағымданған. Бірақ олар оның сөзіне пысқырып та қарамапты.
Дина Көбенова, дүкен иесі: «Күнде көлік иелерімен ұрыса-ұрыса шаршап кеттім. Біреуі құлағына қыстырмайды. Әйел болып, сөз таластырып тұруға мен ұяламын, олар еркек бастарымен шап-шап ұрысып тұрғаны. Небір дөкейлер келеді. Бұл жерді сатып алған жоқсың дейді. Мен сатып алғанмын, ақылы тұрақ істеп қоюға ұятым жібермейді. Сол үшін емханаға арнайы тұрақ керек».
Заңсыз тұраққа айналған №6 емхананың алдында жаяу жүру мүмкін емес. Қоғамдық көліктерде емхананың кіре-беріс алдын аялдамаға айналдырып алған. ал мамандардың сөзінше тұрғындар әлі көп қиналады, өйткені мұнда биыл да тұрақ салынбайды.
Ерғазы Бұқарбаев, қалалық коммуналдық бөлімнің бас маманы: «Биыл №6 емхана орналасқан әл-Фараби көшесін жөндейміз. Жобасы жасалып жатыр, соның ішінде тұрақта қарастырылған. Алайда жылдың аяғына дейін проект жасалады. Ал емханаға уақытша тұрақ жасап береміз. Күн жылынса, емхананың алдындағы екі қанаты мен жанындағы көшенің маңына тас төсіп, уақытша тұрақ жасаймыз. Әзірге асфальтсіз болады».
Ерғазы Бұқарбаевтың айтуынша, емханаға келушілер сыртта емес, аула ішіне көліктерін қалдыру керек. Ал емхананың бас дәрігері Гүлнар Жомартқызы оның мүмкін емес екенін айтып ақталады. Күніне келетін 500-ден аса емделушінің көліктерін аулаға кіргіссек, жедел жәрдем көлігі тығырыққа тіреледі дейді.
Гүлнар Көлбаева, №6 қалалық емхананың бас дәрігері:»Өкінішке орай, емхананың аумағы емделушілердің көлігіне арналмаған. Сағат сайын болмаса да, жиі келетін жедел-жәрдем мен инвотаксиге тиімсіз болады. Балаларға да қауіпті».
Заңсыз тұрақтың заңды шешімі келер жылы табылмақ. Оған дейін, Самал-3 шағынауданының тұрғындарына амалдай тұру керек.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=TGEcW6Fzc3o[/youtube]