Жалғызбасты анаға көмек берушілер табыла бастады

Балалардың мұндай тәттілерден ауыз тимегелі қашан?!
Науат Айбекова Жанеркенің отбасымен бірге Таскен ауылындағы үйінде тұрғысы келеді
Науат Айбекова Жанеркенің отбасымен бірге Таскен ауылындағы үйінде тұрғысы келеді

Жалғызбасты анаға көмек берем дейтіндер табылды! Бүгін таңертеңнен редакциямызға хабарласқан жерлестеріміздің қатары көп болды. Естеріңізде болса, өткен жаңалықтарымызда Жанерке есімді келіншектің қос құлынын жетімдер үйіне өткізуге мәжбүр екенін айтқан болатынбыз. Бейнесюжетті көрген көрермендеріміздің бірі қиын жағдайдағы Жанерке Темірбаеваны үйіне алып кетсек, бізбен бірге тұрса деген ниетін де білдірді.

Таскен ауылының тұрғыны Науат Айбекова бүгін таңды әзер атқызыпты. Жанеркенің жанаярлық жағдайын жаңалықтардын көріп, қолдорбасын азық-түлікке толтырған келіншек бірден отбасыға баруға асықты.

Айтуынша, Кейіпкеріміздің жағдайы жанына аяздай батқан. Жұбайымен ақылдасып, тірі жетімдерді көшеде қаңғыртпайық деген ұйғарымға келеді. Осы ойын Жанерке Темірбаеваның өзіне түсіндірді бүгін. Бәрі ойдағыдай болса, балаларын балабақшаға беріп, өзіне жұмыс тауып бермек.

Науат АЙБЕКОВА, Таскен ауылының тұрғыны: «Бірге қол ұшын берем. Құжаттарын жасауға көмектесем. Көзі ашық адаммын. Лажы болса, аяғынан тұрғызып, жұмыс болса жұмысқа тұрғызуға көмектесуге дайынмын. Былайша айтқанда мынадай сәбилерді балалар үйіне беруге жүрегім де, көзім де қимайды».

Жанеркенің көңіл күйі де бүгін дұрыстау. Оны қайырымды адамдардың әлі де бар екені қуантты. Бала-шағасымен бірге мұндай аста-төк дастарханды көптен бері көріп отырғаны осы. Бірінің аузына тәтті тықпаласа, енді бірімен ойнап жүр. Өз жағдайын телеарна арқылы айтқаны үшін қысылғанын да жасырмады.

Жанерке ТЕМІРБАЕВА, жалғызбасты ана: «Бұл да бір Алланың жіберіп отқан жақсы, жанашыр адамдары. Жоқ демеймін. Келісем. Өзім де қолымнан келгенінше тырысам. Күресем. Балдарымның өмірі үшін. Менде балдарыма жетімдікті көрсеткім келмейді».

Басқа үйге көшу туралы ұсынысты келіншек әлі де ойлануда. Қатал тағдырдың тауқыметін титтейінен тарқан Жанерке тағы да көшеде қалып кетпеймін бе деп алаңдайды. Бірақ үмітсіз шайтан. Заттарын жинап, Науат Айбекованың үйіне бармақ. Тек жиналып қалған қарыздарынан құтылып болған соң ғана.

Балалардың мұндай тәттілерден ауыз тимегелі қашан?!
Балалардың мұндай тәттілерден ауыз тимегелі қашан?!
Нұрасыл мен Нұрисламның болса ештеңеде шаруасы жоқ. Тәттілерден жеп мәре-сәре
Нұрасыл мен Нұрисламның болса ештеңеде шаруасы жоқ. Тәттілерден жеп мәре-сәре

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jmMc6yYspzU[/youtube]