Қымбат көліктерді тонап келгендер ұсталды

393
20 және 27 жастағы ұрылар бұған дейін де сотты болған
Ұылар көбінесе қымбат көліктерді тонаған
Ұылар көбінесе қымбат көліктерді тонаған

Шымкентте жүргізшілерді қан қақсатып келген ұрылар қолға түсті. Тергеушілердің мәліметінше, суық қолдылар қараусыз қалған көліктердің терезесін сындырып, ішіндегі құнды заттарын сыпырып кетіп отырған.

Үптелген көліктердің арасында, әсіресе, бағасы аса қымбат темір тұлпар көп. Тәртіп сақшылары әзірше ұрылардың 50 көлікке ұрлыққа түскенін анықталды.

Полицейлер бұл ұрылардың көптен бері қолға түспей келгенін айтып отыр. Өздері тек қана қымбат көліктерді аңдып келген. Иесі тастап кеткенде терезесін сындырып, үптеп кетуді әдетке айналдырады.

Қалталарында үнемі әйнек кескіш станоктың құралын алып жүрген. Тергеу барысында анық болғандай, ұрылар арам ойларын қараңғы немесе адам аяғы аз жүретін орындарда іске асырып келіпті.

20 және 27 жастағы ұрылар бұған дейін де сотты болған
20 және 27 жастағы ұрылар бұған дейін де сотты болған

Суық қолды ұрылардың әрекетінен жүргізушілерге келген шығынның көлемі 15 миллион теңгеден асып кетеді. Бұл әзірге анықталғаны ғана. Тергеу барысында жаңа ұрлық фактілері шығып жатыр. Себебі, полицияға шағымданбаған жүргізушілер де бар.

Айта кету керек, қолға түскендердің екеуі де осыған дейін сотты болған. Тергеушілер ұрылардың өзге де қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр. Сондықтан, халықтан көлігіне ұры түскендер болса, полицияға хабарласуды сұранады.

 

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=QI20EcY4n7A[/youtube]