Шымкентте полиция қызметкері көлік ұрыларын қылмыс үстінде ұстады

348

Шымкентте көлік ұрысы қылмыс үстінде тәртіп сақшыларының қолына түсті. Бұл туралы Шымкенттің Жергілікті полиция қызметі хабарлады.

Шымкент қаласының орталығындағы Бейбітшілік көшесінде белгісіз екі адам аулада тұрған көліктердің бірін тонап кетпек болған. Қаскөйлер Mercedes маркілі көлігінің артқы есігін ашып, ішінен құнды заттарды іздестіре бастаған. Шымкенттің Жергілікті полиция қызметінің инспекторы оқиғаның үстінен түсті. Осы сәтте полиция қызметкері аймақты шолып жүрген болатын.

«Полиция қызметкерін байқап қалған қаскүнемдер жан-жаққа қаша бастайды. Инспектор олардың бірін қолға түсірді. Ол елімізде жүрген Қырғызстан азаматы болып шықты»,-деп хабарлады полиция қызметкерлері. 1993 жылғы ұсталған азамат өзінің сыбайласымен бірге көліктің есігін бұзып жатқанда бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Осы кезде аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда ұсталғандардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Екінші күдіктіні іздеу жұмыстары жүріп жатыр.