Ұрылар миллион теңге тұратын итальяндық тонды ұрлап кеткен

63

Ұрылар миллион теңге тұратын итальяндық тонды ұрлап кеткен. «ОТЫРАР» редакциясына Шымкенттегі сауда орталықтарының бірінде орын алған ұрлықтың видеосы келіп түсті.

Сатушы қымбат тонның жоғалғанын байқап, полицияға хабарласқан. Бейнебақылау камералары полицияға ұрыны анықтауға көмектесері анық.

Әккі ұры юбкасының астына тонды өте кәсіби түрде жасырып алғаны камераға түсіп қалған. Суыққолды жалғыз емес. Оның сыбайластары алдын ала жоспарланған түрде барлығы өз рольдерін шебер орындаған. Екіншісі тон ұрлаушыны көлегейлеп тұр. Үшінші әйел сатушының назарын аударып оған таңдау жасауда көмектесуін сұраған.

Бейнекамерада ұрылардың жүздері анық көрініп тұр. Видео істі тергеп жатқан Шымкент полицейлерінің айғақтарының біріне айналды.