Жүргізушінің жауапсыздығынан жол апаты орын алды

366
Жол апатының салдары
Жол апатының салдары
Жол апатының салдары

Бүгін таңертең шымкенттік жүргізушінің жауапсыздығынан тағы бір жол апаты орын алды. Сағат тоғыздар шамасында қаламыздағы Ә. Молдағұлова көшесінде екі көлік соқтығысты. Соққының қатты болғаны соншалық, «Гольф» автокөлігінің елу жастағы жүргізушісінің екі қабырғасы сынып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Жол сақшылары келгенде жаралы жанды көріп, дереу жедел жәрдем шақыртып, зақым алған жүргізушіні аурухана жіберген. Ал екіншісін таппай қалыпты.

Балабақшаға балаларын әкеліп тастап, енді жылжи берген көлікті соққан «БМВ» автокөлігінің жүргізушісі болса, көшенің бір жақты қозғалысқа арналғанын ескермек түгілі, рульде мас халде болған. Оқиға орнынан бой тасалап, қашып та кеткен. Куәгерлердің созінше, ол көлігінен шығып кетіп, барлығын сырттан бақылап тұрған. Сауал қойғымыз келген бізге қоқан-лоққы көрсетіп, бейнекамераға жабысты. Істің ақ қарасын жол сақшылары анықтауға кірісті.