Жас депутаттар көбейеді

1986
Жастадың саясаты жүзеге асуы

Қазақстанда сайлаудың әділ өтетіні күмәнді. Ел болашағы үшін жас депутаттар санын көбейту керек. Жастолқын республикалық орталық сайлау комиссиясы мамандарымен өткен кездесуде осылай деді. Арызын ашық айтқан олар көбіне жастар саясатының жүзеге асуына осы проблема кедергі болады деп есептейді. Ал 19 жастағы Тағай Нұрдәулет халық қалаулысы болсам, ел үмітін ақтайтын едім дейді.

Тағай Нұрдәулет, студент: «Болашақта саясатқа араласамын деген ой жоқ емес.

Тағай Нұрдәулет депутат болсам, елдің жағдайын жасар едім дейді ағынан жарыла
Тағай Нұрдәулет депутат болсам, елдің жағдайын жасар едім дейді ағынан жарыла

Араласамын болғанда еліме бір еңбегім сіңгенін, гүлденуіне үлесімді қосуды қалаймын. Сол себепті депутат болудан қашпас едім. Егер мен депутат болсам елдің өзекті мәселелерінің бірі коммуналдық жағдайын шешер едім ең алдымен. Мынау қаламыздың өзінде қаншама шағынаудандар бар, проблемалары шаш-етектен. «Қайтпас-2», «Достық» деген сияқты. Міне, ауызсу, жалпы елдің бар жағдайын жасауға тырысатын едім. Енді осы мақсатымды орындау үшін ізденіп жүргенімді де жасырмаймын». 

Гүлмира Шерәлі, студент: «Мен 18 жасымда сайлауда дауыс беру құқығына ие болдым. Мен үшін бұл күн ерекше маңызға ие екенін сезініп, дауыс бердім барып. Бірақ менің ойымша, сол  сайлау әділ өтпеді. «Көке, жәкеге» немесе таныс-білістікке жол беретіндей көрін ді. Себебі көбіне халық таңдауына назар аударылмайды, содан кейін де олар өздерінің сайлаған адамдарын өздері танымай жатады».

Дәл қазіргі уақытта Қазақстанда жергілікті мәслихаттарда 126 жас депутат жұмыс атқарады. Сонымен қоса 2005 жылы жастардың 35-40 пайызы сайлауға белсенді қатысыпты. Ал 2012 жылы жалпы көрсеткіш 35 пайыздан 70-ке дейін өскен. Енді келер жылы сайлаудағы ортақ таңдауда дауыс берушілердің үлесі 100 пайызды құрайды деп күтілуде.

Венера Жексембекова жастардың саясатқа белсене араласқанын қалайды
Венера Жексембекова жастардың саясатқа белсене араласқанын қалаймын дейді

Венера Жексембекова, ҚР орталық сайлау комиссиясының бас сарапшысы: «Былтырғы дауыс беру партиялық тізім бойынша депутаттарымызды сайладық. Кеше маған бір Тараз қаласында сұрақ қойды, жастарға квота берсеңіз дейді. Бірақ біз жастарға ешқандай квота бөле алмаймыз. Бұл квотаны оларға партия тағайындайды. Олар әрбір депуттарын жасақтаған кезде жастар мәселесіне де көңіл бөлуі керек. Жаңа ғана Білім Ғылым Министрі Бақытжан Тұрсынұлының сұхбатында айтыпты, «Біз мақтанамыз жастардың 60-70 пайыз жастарымыз сайлауға қатысып жатыр, депутат болып жатыр, өздрінің жауапкершілігін сезініп жатыр» деп. Қазір мынау Парламент мәжілісінде Мейрам Бегентаев деген ағаларың осы жастар мәселесімен күні-түні жұмыс жасап жатыр. Сол кісінің арқасында Дариға Нұрсұлтанқызының комитетінде жастар мәселесі көтеріліп жатыр».

Ал облысымызда 23 345 жас орталық сайлауда жұмыс жасайтын болса, оның 1561-і аумақтық көлемде. Бұл жастолқынның басым бөлігінің саяси белсенділігі төмен екенін көрсетеді. Сол үшін жастардың өз құқығын біліп, саясатқа етене араласуы маңызды.