Шымкенттік ғалымдар мәңгі жастықтың жолын таппақшы

Жаңалық табылар болса, біздің ғалымдарды Нобель сыйлығы күтіп тұр
Жаңалық табылар болса, біздің ғалымдарды Нобель сыйлығы күтіп тұр
Жаңалық табылар болса, біздің ғалымдарды Нобель сыйлығы күтіп тұр

Мәңгі жас болу мүмкін бе? Шымкенттік мамандар құрт ауруы мен қартаюға қарсы препарат ойлап таппақшы. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясының оқытушылары осындай ғылыми жаңалық ашпақ ниетте. Қазір мамандар арнайы лабораторияда зерттеу жұмыстарын бастап кетті.

Марлен Есіркепов құрт ауруын түбегейлі емдеудің қазақстандық үлгісін ойлап таппақшы. Осы үшін де ол он шақты жылын сарп еткен. Қарамағына қызығушылық білдірген зерттеушілер қоса алып, тіпті Германиядан арнайы құрал жабдық та алдырған. Қазір мамандар тест жүйені жіті меңгеріп жатыр.

Марлен ЕСІРКЕПОВ, ғылыми топ жетекшісі, ОҚМФА биология және микробиология кафедрасының меңгерушісі: «Біздің тест жүйеміз бойынша адамның әлі туберкулез басталмай жатқан клиникаға дейінгі кезеңін анықтауға болады. То есть ретнгеннің үлкен кемшілігі ол туберкулезді уже дамып, пайда болып үлкен өршіп жатқанын байқайды. Ал біздің жүйенің көмегімен оған жеткізбек алдын ала іздеп табуға болады. Бұл әдістердің қазақстанда қолданылмайтын себебі өте қымбат».

Мамандар қартаюға қарсы перапаратты да ойлап табуға ниетті. Ол әрине, бүгін-ертең белгілі бола қоятын дүние емес. Жылдар бойы еңбек етуге тура келеді. Зертханада ағзадағы жасушалардың өміршеңдігін қалай ұзарту жолдарын анықтайтын болады. Қазірдің өзінде бұл бастаманы шетелдік ғылыми орталықтар да зерттеп жатыр екен. Бірақ біздің мамандардың жұмысы оларға қарағанда жемістірек болып тұр.

Бақытжан СЕКСЕНБАЕВ, ОҚМФА ректоры: «Біздің жұмыстарымызбен бүгінгі күнде Польшаның ғалымдары, Жапонияның ғалымдары қызығушылығын көрсетіп, айтып жатыр. Бізбен бірігіп жұмыс істеуге дайындығын көрсетіп жатыр. Біздің ғылыми проекттерімізді Денсаулық сақтау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі пректтерімізді қарастырып жатыр. Соның нәтижесі жақсы болса, біздің ғылыми жұмыстарымыз жақсарады деп ойлаймыз».

Денсаулық сақтау министрлігіндегілер Оңтүстіктің мамандарына үлкен сенім артып отыр. Олар тіпті, осы арқылы қазақстандық ақ халаттылар әлемдік Нобель сыйлығына қол жеткізуі мүмкін деген үмітте.

Виталий КОЙКОВ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инновациялық даму және сараптама, ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі: «Бізде үлкен сенім бар. Мүмкіндік те мол болып тұр. Оның үстіне соңғы 10 жылда медицина саласындағы барлық сыйлықтар молекулярлы генетика бойынша беріліп жатыр. Сондықтан Қазақстан да оған қол жеткізуі бек мүмкін».

Генетикалық зертханаға зерделі деген студенттер де тартылыпты. Ғылыми топ инсульт ауруын болдырмау жағын да қарастыруда. Тек мұндағы зерттеу жұмыстарының әдістемелері әзірге құпия түрде сақталады. Өйткені геномды зерттеу көптеген дамыған елдерде жүргізіп жатқан жоқ. Сондықтан шымкенттік ғылыми топтың қолға алған жобалары төрткүл дүние тамсанатын жаңалық болуы әбден мүмкін.

Мақсат ЖАҚСЫБАЙҰЛЫ

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=U5BaQ7tYciU[/youtube]