Фармацевтикалық академия үздік деп танылды

376
Академияның 2-курс студенті "Казкоммерцбанктің" арнайы грантына ие болды

 

Академияның 2-курс студенті "Казкоммерцбанктің" арнайы  грантына ие болды
Академияның 2-курс студенті «Казкоммерцбанктің» арнайы грантына ие болды

Фармацевтикалық академия үздік деп танылды. «Нұр отан» партиясының өкілдері фармакадемиядағы білім сапасына тәнті екенін айтты. Тіпті мұндағыларды партия қатарына қабылдады.   

Партия белсенділігі, алға қойған мақсаттарын орындауы мен оның жүзеге асуы жағынан «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының оңтүстіктегі филиалы академияның «Бедел» бастауыш партия ұйымын үздік деп таныды. Өйткені, медициналық қызметкерлердің еліміздің өркендеуіне қосқан үлесі зор.

Еліміздің Тәуелсіздігімен бірге, фармацевтикалық академияда қарқынды түрде дамып келеді. Өйткені бұл оқу орны білікті кадрларды дайындайды. Бас жүлдені жеңіп алған академия ұжымы Елбасының келелі 2050 сратегиясын қолдайтындығын да жеткізді. Әрі, партия құрамындағы жастардың басымдығын айтты.

Академия өз студенттерін мақтан тұтады. Аталмыш жоғарғы оқу орнының 2 курс студенті «Қазкоммерцбантің» 180 мың теңгелі грантын жеңіп алды. Айта өтейік мұндай шәкіртақыға 16 қаланың 19 студенті қол жеткізіп отыр.

Бұл күнгі шарада салтанатты түрде ОҚМФА-ның 50 ге жуық оқытушы, қызметкерлері «Нұр Отан» партиясына мүшелікке қабылданды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=plIBbKExFQw[/youtube]