Фармакадемияның мамандары ана мен балаға кеңес берді

"Ашық есік" күнінде 100-ге жуық ана мен бала келді
"Ашық есік" күнінде 100-ге жуық ана мен бала келді
«Ашық есік» күнінде 100-ге жуық ана мен бала келді

Кішкентай бүлдіршіндер үшін ашық есік күні. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық академиясындағы педиатрия кафедрасының мамандары 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай №6 балалар ауруханасында арнайы іс-шара өткізді. Фармакадемияның жетекшілігі үздік дәрігерлерін таңдап, науқастарға консультативтік көмек көрсетті.

Ауруханадағы әрбір кішкентай емделушіні арнайы тосын сый күтіп тұрды. Ертегі кейіпкерлері балаларға банан мен түрлі ойыншықтар үлестірді. Педиатрия кафедрасының үздік мамандарының тегін кеңесіне бұл күні 100-ге жуық ана мен бала жиналды. Олардың бірі Бақыт Шардарбекова. Ана туа бітті жүрек ақауымен дүниеге келді деген баласы Әбдірахымға алаңдап келіпті. Алайда, білікті дәрігерлер ананың күдігін сейілтті.

Кәсіби кеңес алуға келгендер үшін бұл күні гематолог, хирург, аллерголог, невропотолог және кардиолог мамандарының есіктері де айқара ашық болды. Дәрігерлердің айтуынша, осындай кеңес беру кезінде баланың бойында бұрын байқалмаған тіпті ата-анасының да хабары жоқ ауруларды білуге болады.

Ақ желеңділердің назарынан бірде-бір келуші шет қалған жоқ. Кеңеске келген әрбірі қажетті ем-домын жазып алды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hwMhw8F0-GY[/youtube]