Жәрмеңкеде студенттердің 80 пайызы жұмыс тапты

284
ауылда жұмыс істегісі келетіндердің қатары көп
ауылда жұмыс істегісі келетіндердің қатары көп
ауылда жұмыс істегісі келетіндердің қатары көп

Ауыл-аймақтарға жас дәрігерлер жұмысқа орналасуға асық. ОҚМФА-да жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Мұнда оқу орнының түлектері денсаулық сақтау, медбикелік іс және фармацевт мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.

Қолыңа бақандай дипломыңды алып, бірден жұмысқа орналасып кетуге әбден болады. ОҚМФА түлектерге осындай мүмкіндік беріп отыр. Болашақ медицина саласының қызметкерлерін алыстағы ауыл аймаққа жұмысқа шақырады. Өйткені ауылдағы ағайынның балтыры сыздап, басы ауыра қалса, ем сұрап барар жас маман жетпейді. Ауылға аттанған дәрігерлерге баспана беріп қана қоймай, отбасын құрғандардың  бөбектерін бала бақшаға орналастырамыз дейді.

Мария Анартаева, ОҚМФА оқу әдістеме бойынша проректоры: «Бүгінде ОҚО бойынша 535 дәрігер жетпейді. Биыл 255 жас дәрігер академияны аяқтайды. 111 жоғары білімді медбикелер де түлеп ұшпақ. Жалпықоғамдық денсаулық сақтау саласының 53 менеджері мен 53 фармацевт оқу бітірмек».

Жас дәрігерлерге Жамбыл, Қызылорда, ОҚО-ның жұмыс берушілері жұмыс ұсынды. Әсіресе акушер, педиатрлар мен терапевтерге сұраныс зор.

Шахноза Парманкулова, студент: «Біз ауылды жерде жұмыс істеуге дайынбыз. Ауыл аймақта денсаулықсқтау саласының жақсаруына үлес қосып, тәжірибе жинақтаймыз. Мен болашақ балалар дәрігерімін, ауылда кішкентай балғындарды емдейтін боламын».

Сонымен, жәрмеңкенің 80 пайыз бітіруші студентке жәрдемі тиді. Болашақ 255 дәрігердің 196-сы жұмысқа орналасып үлгерді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Z67uqdC5ix8[/youtube]