Нобель сыйлығының лауреаты дәріс оқыды

350
Нобель сыйлығының лауреаты келді

Бүгін Оңтүстікке нобель сыйлығының лауреаты Эрвин Неер ресми іс-сапармен келді. Оңтүстік Қазақстан Медициналық Фарма Академиясына ат басын тіреген шетелдік қонақ мұнда қолға алынған жобалардың нәтижелерімен танысып, лаборатория базасын көріп, студенттер мен ғалымдар тірі жасушалы мембраналарды ионды жолдардың қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік беретін әлеуетті локальді фиксациялау әдісі жайында лекция оқыды.

Эрвин Неер, Нобель сыйлығының лауреаты
Эрвин Неер, Нобель сыйлығының лауреаты

Айта кетейік, 23 мамырда елордада 6 Астана экономикалық форумы өтеді. Форумға 100 елден 85 мың қатысушы келеді деп күтілуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арнайы шақыртуымен келген Эрвин Неер форум аясында Алматы және Шымкент қалаларындағы жоғарғы оқу орындарына ат басын тірепті. Ғалымның Шымкенттегі сапары Мемлекеттік фармацевтикалық академиясына тың серпін берді. 

ғалымның берген бағасы алтыннанда қымбат
ғалымның берген бағасы алтыннанда қымбат

Оңтүстіктегі іс-сапар барысында ғалым шаһардың көрікті жерлерін аралып, Түркістан қаласындағы Х.А.Яссауй кесенесіне баруды жоспарлапты. 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=66He5PZuup0[/youtube]