«Жайдарманның» жекпе-жегі аяқталды

661
"Жайдарманның" жекпе-жегі аяқталды

 Күлкі күнін «Жайдарманның» жас достары Шымкентте тойлауды жөн көрді. Көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлаған олар ерекше дайындықпен келіпті. Елімізде екінші рет ұйымдастырылып отырған жекпе-жек ойын бұл жолы Шымкенттік ойыншылармен Қазақстанның ең таңдаулы құрамалары арасында өрбіді. Арнайы жобаға Қазақстан құрамасы атынан «Жаснар» (Алматы қаласы), «ТарМУ» (Тараз қаласы), «Қорқыт» (Қызылорда қаласы), «Назар аудар» (Орал қаласы), «Арал Ас» (Арал қаласы) және Шымкент құрамасы атынан «Ассорти» (ОҚО, Түркістан қаласы), «Шымкент жастары» (Шымкент қаласы), «Байдың балдары»(М.Әуезов атындағы ОҚМУ), «Мардан ұландары» (М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ), «Шу» (Шымкент университеті) «Күлкі кубогы» үшін сайысқа түсті.

"Мардан Ұландары" құрамасы өнерімен ғаан емес, ұлттық киім үлгіәлерімен де ерекшеленді
«Мардан Ұландары» құрамасы өнерімен ғана емес, ұлттық киім үлгілерімен де ерекшеленді

Республикалық деңгейдегі КТК (көңілді тапқырлар клубы) арнайы жобасын әдеттегідей «Қазақстан КВН одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Есен Елеукен жүргізді.

Қазылар алқасына Шымкент қаласы әкімдігінің бас маман баспасөз хатшысы Жандос Әуелбекұлы төрағалық етті
Қазылар алқасына Шымкент қаласы әкімдігінің бас маман баспасөз-хатшысы Жандос Әуелбекұлы төрағалық етті

Өткен жылы ОҚО әкімінің кубогын жеңіп алған алматылық «Жаснарлықтар» шымкенттік достарымен сайысқа түсу – мәртебе деп есептейді. «Осы өнер саласына келгенде Алматы мен Шымкент таласқа түседі, Оңтүстік – өнер Ордасымыз десе, Алматы – біз өнердің орталығымыз дейді. Сондықтан біз айтар едік, біздің Алматы – мәдени қала, ал өнердің орталығы әрине ол – Шымкент!» дейді жас өнерпаздар.

«Жаснар» құрамасы: «Әрине, Оңтүстік – өнер Ордасы» екенін біліп, үлкен дайындықпен ойнап жатырмыз біз. Дәл қазір ойдағыдай ойнап шықтық деп ойлаймыз. Өз мақсатымызды орындадық. Мақсат болғанда бұл жерде Қазақстан мен Шымкентті бір-біріне қарсы қою емес, жай ғана үйренгенімізді бөлісу. Қарсылас деудің өзі қатты естіледі ғой, біз мұнда достарымызға келдік, олар құшақ жая қарсы алды. Анығын айтқанда, «Достық» ойынын ойнап жатырмыз. «Жайдарманның» өзі – достыққа баулиды. Ең бастысы бұл жерде жеңу емес, мақсат көрерменге жақсы көңіл күй сыйлау, жақсы ойын көрсету. Шыны керек, біз ойынымызда актуалды мәселелерді көп қозғай бермейміз, себебі проблемаларды айтып елді жалықтырып алудан да қорқамыз. Жеңіл болса да елді күлдіріп, өмірін ұзартуға үлесімізді қосуды қалаймыз. Бірақ енді аз-маз болса да ел аузында жүрген мәселелерді айтамыз, мәселен Челябинск пен метеорит туралы айттық. Сонымен қоса ешқандай жаңалықтан қалмауға тырысамыз. Хабардар болып қана қоймай, әзілімізге де қосамыз. Өткен жылы ОҚО әкімінің кубогымен марапатталдық. Биыл демалуға, қыдыруға келдік. Бірақ, әрине, біздің жүлдеден үмітіміз бар».

"Жайдарманның" жас достары көпшілікті күлкіге қар қылды
«Жайдарманның» жас достары көпшілікті күлкіге қар қылды

Республика көлемінде қолға алынған көңілді тапқырлар клубының көңілді кешінде жайдарман жаңа әзілдерімен де ерекшеленді. Өнерпаздар әдемі әзілдерімен жастолқынның жанын жадыратуда бұ жолы да алдына жан салмады.Телеарна жұмысын әзіліне арқау еткен жайдарманның жас достары ойында жеңіске жететініне сенімді.

Ерлан Айтбаев, ұйымдастырушы, «Шымкент жастары» МКМ директоры: Расында бұл ойын өте тамаша өтіп жатыр. Бүгінге дейін мұндай ойын Астана қаласында өткен болатын, яғни Астанамен Қазақстанның өзге құрамаларымен сайысқан еді. Енді бүгін міне Қазақстанның құрамалары Шымкенттің өнерпаздарымен жарысуда. Бұл деген – бір-біріне қарсы қою емес, тәжірибе алмасу. Сонымен қоса көбіне өзге өңірлермен Оңтүстіктің сөйлеу тәсілдері түрліше болып барады. Қазақ тілі біреу ғой, сол мәселені де шешеді деп ойлаймын. Ал көпшіліктің осында «бұрынғы 2006 жылдардағы КВН жақсы еді, қазір қызық емес» деп айтып жүрген пікірлеріне қосылмаймын. Себебі, қазіргі ойында командалар белгілі бір тақырып бойынша , бірі саясатты қозғаса, екіншісі мәдениет саласын, я болмаса әкесі мен баласының қалжыңын қояды. Бұл жастарды жан-жақтылыққа баулиды, КВН-нің дамуына үлесін қосады. Былайша айтқанда, КТК ойындарының заманауи үлгісіне жұртшылық әлі-ақ қызығатын болады».

Ақтық мәреде әзілкештер қысқа-нұсқа әрі қызық әзілдерін ұсынуы қажет. Осылайша көпшілкті күлкіге қарқ қылды. Ал көрермендер залында ине шаншырлық орын болмады. Көпшілік өнерпаздар өнерін таразылады.

Шымкент пен Қазақстан құрамаларының жекпе-жек ойыныны тамалауға келгендердің қарасы қалың болды
Шымкент пен Қазақстан құрамаларының жекпе-жек ойынын тамашалауға келгендердің қарасы қалың болды

 

Аида Оңғарбаева, көрермен: «Ойын өте тамаша өтуде. Жоғарғы дәрежеде ұйымдасытырылған. Қызық болғаны соншалықты, көз алмай тамашалап отырмыз. Ал ең бастысы шындықты айтып жатыр. Депуттардың «жұмысын», елдегі су мәселесі, жемқорлық пен заңбұзушылықтар да әзіл арқылы жетті бізге. Менің ойымша шымкенттік «Байдың балдары» құрамасы бас жүлдені жеңіп алады».

Жайдарманның көңілді өнерпаздары көпшілікті күлдіргенімен, әрбір әзілінің астарында ащы ақиқат жатты. Сонымен 10 құрама өнер көрсеткен ойында 3-орын түркістандық «Ассорти» ойыншыларына бұйырды. 2-орынды Қазақ ұлттық университетінің өнерпаздары иеленді. 1-орынға алматылық «Жас нар» лайық деп табылды. Бас жүлдені қылорданың «Қорқыт» құрамасы жеңіп алды. Өзге де құрамалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.