Мемлекеттік қызмет істері агенттігіндегі «А» корпусының кандидаттарын тестілеудің алғашқы қорытындысы шықты. Алдын берілген мақалаларымызда «А» корпусына кімдердің тіркелгені жайында айтқан болатынбыз.
Үміткерлердің үштен бірі сынақтан өте алмады. Алғашқы күндері 146 кандидат Қазақстан Республикасының он заңы бойынша компьютерлік тестілеуден сынға түскенімен, 43-і сүрініп қалды.
Шекті деңгейді еңсеру үшін кандидаттар әрбір заңда мүмкін болатын 10 сұрақтың 7-не дұрыс жауап беруі қажет болатын. Тесттің бірінші кезеңінен өткендер енді этика, коммуникативтілік талаптары бойынша емтихан тапсырады.
Ал қалалық әкімдіктен тіркелген 30 мемлекеттік қызметкердің 17-сі аталған сынақтан өте алмай қалған. Нақы себеп белгісіз күйінде қалып отыр. Сынақ 27- мамырда аяқталады.