Итальяндық балмұздақ жейік

898
Келушілер балмұздаққа тамсана тапсырыс беруде

Итальяндық балмұздақтар. Ол тек итальяндық болуымен ғана емес, әлемдегі ең шебер аспаз Джулиано Куратидың өзінің қолымен дайындалуымен де ерекшеленеді. Тәтті дәм, сапалы өнімнің 50-ден астам түрін «Мадленнен» табуға болады. Біз де алғашқылар қатарында тіл ұйірер дәмнен ауыз тидік.

Небәрі бір жыл ішінде Лондонда джелато – итальяндық балмұздақ дайындайтын 80-нен астам дәмхана ашылды. Енді таңғажайып тәтті кофейнясында ұсынылады.

Итальяндық
Джелато – итальяндық балмұздақ «Мадленде» дайындалуда

Елена Харитиди, «Мадлен» сауда кешенінің бас директоры: «Нағыз итальяндық балмұздақ Джулати Итальяноны Шымкентке әкелу үшін, біз әлемге әйгілі шебер аспаз Джулиано Куратиды арнайы шақырып отырмыз. Сонымен қоса итальяндық құйылмалы тәттілерді баршасы білуге тиіс деп ойладық. Мәселен бұл балмұздақтардың құрамында холестерин мен майдың үлесі 0 пайыз. Әрине, бұл тек табиғи жемістер езбесі, былайша айтқанда нағыз классикалық балмұздақ».

Келушілер балмұздаққа тамсана тапсырыс беруде
Келушілер балмұздаққа тамсана тапсырыс беруде

Әлемге аты әйгілі Джулиано Курати өзінің нағыз италяндық балмұздақ жасау құпиясымен біздің аспаздармен бөлісті. Шоколод, жеміс, пісте дәні, түрлі жаңғақтар, иогрут, және қаймақпен әзірлеу. Джелатоның сұрыпын тізбектеп шығу – оңай шаруа емес. Шербет қоспасымен дайындалуы да өте қиын. Шербеттің салқындатылған түрі кәдімгі балмұздаққа ұқсағанымен, құрамында сүт жоқ. Оның дәмінің сыры – иммундық қасиеті – сәбіз – алма-цитрустық қоспадан, міне лимон әлемі, мынау түрлі дәндері бар шербет-киви… Дәмі тіл үйіреді.

Аспаз шымкенттік аспаздарға итальяндық балмұздақ жссаудың тәсілін үйретіп жүр
Джулиано Курати шымкенттік аспаздарға итальяндық балмұздақ жасаудың тәсілін үйретіп жүр

Елена Харитиди, «Мадлен» сауда кешенінің бас директоры: «Қазіргі таңда балмұздақтың 40 түрін алуыңызға болады. Күн сайын жаңа түрі қосылады. Себебі бізде Курати мырзаның қала тұрғындарына дайындаған арнайы сыйы бар. Жаңғақтан жасалған балмұздақ, ол нағыз ұнтақталған жаңғақтан жасалады. Бұл қоспаны арнайы технология бойынша дайындаймыз. Біз тек табиғи және аллергия тудырмайтын балмұздағымызбен мақтанамыз».

Италяндық шебер 50 жылдан астам уақыт бойы балмұздақ дайындап келеді. Джулиано 100-ден астам джелато дайындаудың әдісін біледі.

Шебер аспаз 18 жасымнан бері балмұздақ дайындап келемін дейді
Шебер аспаз 18 жасымнан бері балмұздақ дайындап келемін дейді

Джулиано Курати: «Мен балмұздақ дайындауды 18 жасымнан бастағанмын. Қазір мен 68-демін. Біз балмұздақты тек табиғи өнімнен жасаймыз. Балалардың менің әзірлеген балмұздағымды жеп, жүзінен күлкі көргенді жақсы көремін».

Бірнеше секунд ішінде шебердің қолында джелатоның бірнеше түрінен түрлі -түсті жапырақтарға оралған мынадай гүл пайда болады. Тағы 1 минутта түрлі-түсті шағын дөңгеленген тәттілер дайын болып, өзінің дегустаторын күтеді.

Балмұздақ
Джелатоның түрлі-түсті гүлдері… Дәмі тіл үйіреді

Руслан Бектөре, тұтынушы: «Расында да тәтті балмұздақ. Жаңғақ және пісте дәнінің дәмін бірден байқадым. Қалада мұндай жоқ».

Дүние жүзінде итальяндық балмұздақ ең сапалы, әрі дәмді саналады. Бүгінде оны «Мадленнен» де таба аламыз. Және өзіміздің қалаған, дәмді балмұздағымызды тәуліктің кез келген уақытында алуға мүмкіндгіміз бар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=T4D4Yjo9Mkg[/youtube]