«Мадлен» итальяндық балмұздақтарды ұсынады

551
Итальяндық балмұздақтар дүние жүзі бойынша сапалы әрі дәмді болып саналады

Итальяндық технология бойынша дайындалған балмұздақтан дәм татыңыз. Мұндай мүмкіндікті «Мадлен» ұсынып отыр. Біз бүгін Шымкенттегі Джелато балмұздағын дайындайтын цехта болып қайттық.

Итальяндық балмұздақтар дүние жүзі бойынша сапалы әрі дәмді болып саналады
Итальяндық балмұздақтар дүние жүзі бойынша сапалы әрі дәмді болып саналады

Шоколод, жеміс, пісте дәні, түрлі жаңғақтар, иогрут, және қаймақпен әзірлеу. Джелатоның сұрыпын тізбектеп шығу – оңай шаруа емес. Мұндай бірегей балмұздақтың 40-тан астам түрін бүгінде «Мадлен» кофейнясы ұсынуда. Ал ең бастысы таңғажайып тәттінің түрлерінің көптігі емес, оның сапасында екенін айтқан жөн. Ал сауда кешенінің директоры Елена Харитидің айтуынша, компаниядағы шербеттер мен джелато балмұздағын дайындау барысында тек табиғи өнімдер қолданылады. Бірақ, бұл расында да сондай ма?

Елена Харитиди, «Мадлен» сауда кешенінің директоры:» Біз тек табиғи өнімдерден дайындаймыз. Сертификатталған. Ешқандай қытайлық қоспалар жоқ. Барлығы менің қолымда тұр, Сіздер де көз жеткізу аласыздар».

Ал сапалы шербет дайындаудың құпиясы – балауса және сапалы өнім арқылы дайындалуы. Шербет пен джелато үшін өндіріс цехында жеміс езбесі арнайы әзерленеді.

Джулиано Курати итальяндық балмұздақ жасау технологиясын шымкенттік аспаздарға үйретіп жүр
Джулиано Курати итальяндық балмұздақ жасау технологиясын шымкенттік аспаздарға үйретіп жүр

Джулиано Курати: «Шербет пен балмұздақ сіздің үстеліңізге жетуі үшін 5 кезеңнен өтеді. Алдымен мен езбені арнайы технологияға салып, залалсыздандырып аламын. Бұл әдіс ағзаға зиянды микроэлменттерді жояды және қою қоймалжың пайда болады. 10-12 сағат өтісімен өніміміз дайын болады».

Соңғы екі кезең – араластыру және салқындату. Табиғи өнім балалар денсаулығына  да қорқыныш тудырмайды. «Мадленде» дайындалатын джелато кәдімгі балмұздаққа еш ұқсамайды, ол әуе қоймалжыңы сияқты. Әсіресе жазды күндері итальяндық балмұздақтардың көмегі зор. Кез келген ауа райында және тәуліктің кез келген уақытында бас тарта алмаймыз. Итальяндық балмұздақ жасау технологиясы өзіміздің қалаған, дәмді балмұздағымызды тұтынуға мүмкіндік әперіп отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=aukAuVsJkJ0[/youtube]