Шымкенттегі көпқабатты үйлердің жертөлелері суға толған. Кәріз жүйесінен шыққан иіс қолқаны қабады. Тұрғындар мен кездесіп, ортақ проблемаларды талқылаған түсіндіру жұмыстары нәтиже берер емес. «Су ресурстары маркетинг» ЖШС мәселені бірлесіп шешуге шақырады.
Темирязев көшесіндегі мына отбасылық жатақхана санитарлық қадағалау, тұрғын үй инспекциясы мен су қызметтерінің алаңдаушылығын туғызған үй. Жатақхана тұрғындарының салғырттығынан жертөле кәріз жүйесінің сасық суына толған. Оған тұрмыстық қалдықтарды қосыңыз. Дәрігер санэпидемиологтар бұл үй тұрғындарына дабыл қаққалы қашан.
Әлия Мираманова, «СРМ» ЖШС-нің зертхана басшысы: «Біз тұрғындармен кездесіп, бірнеше мәрте түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Тұрғындар түсінер ыңғай танытар түрі жоқ. Қалдықтар мен қоқыс, жұқпалы аурулардың ошағы десек артық айтпағандық».
Тұрғындарға коммуналшылар көмек қолын созған да. Бірақ, өзбілермендік еткендер құбырларды ақшаға жұмысшы жалдап жөндетпек болған.
Максат Батырханов, бөлімше бастығы: «Біз 2-3 жыл бұрын әкімдік пен СЭҚ қызмектерлерімен біргекездесулер өткіздік тұрғындармен. Жертөлелердегі жағдай тым нашар, жалдаған жөндеушілері де жарытпаған. Мұны төтенше жағдай десек те болады. Бұлай бола берсе, су беруді тоқтатуға мәжбүрміз».
Уәлиханов көшесігнің бойындағы №221-ші үйді үлгі етеді су қызметкерлері. Бір жыл бұрын ғана мұндағы жағдай мәз емес тін. Бірақ «су ресурстары маркетингпен» келісім шартқа тұрғасын жертөледегі жағдай түгелдей сушылардың мойнына жүктелген.
Гүлнәр Кенжебаева, үй комитетінің төрайымы: «Былтыр ғана жертөлеміз суға толып, көршілердің бәрін тік тұрғызушы едік. Қазір келісім шартқа тұрғалы ұйқымыз да тыныш. Су бөлімшесінен мамандар келіп, бар ақауды дер кезінде ауыздықтап кетеді. Қызмет те қымбат емес».
Тұрғындар қалалық әкмідікпен де келісімге тұра алады. Мұндай жағдайда, коммуналдық мүлік ТҮКШ жаңғғырту бағдарламасы бойынша жаңартылатын болады. Қалай дегенмен, таңдау тұрғындардың өзінде.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_l5efXBsmj4[/youtube]