Шымкенттік дарынды оқушылар «Су арнасы» мекемесін аралап көрді

31

«Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-нің басшылығы жастарды техникалық мамандықтарға бейімдеу бағытында дуалды оқу жүйесі тек жоғары, арнаулы оқу орындарында емес, мектеп қабырғасынан басталуы керек деген қағиданы қолдайды.

Себебі, нәтижесі боларына сенімді. Кезекті Су арнасының қонақтары «Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатының» мұғалімдері мен оқушылары болды.

Шымкентте «Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатының» химия, биология және география пәндерінің мұғалімдері мен оқушылары «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-не арнайы келіп, мекеме жұмысымен танысты. Экскурсия ауыз су сапасын бақылау зертханасынан басталды.

Мегаполистегі су қабылдағыш нысанының қызметі және насосты стансалардан алынған су сынамасын тексеру, реактивтерді пайдалану және басқа да күнделікті істелетін тынымсыз тірлікті көзбен көрген оқушылар мен олардың ғылыми жоба жетекшілері таңданысын жасырмады. оған себеп те жоқ емес. Шындығында кез-келген адам «дайын өнімді» тұтыну барысында оның қандай жолмен, қандай еңбекпен жеткізілетініне мән бере бермейді.

Гүлдана Нұрмахамбетова, «Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатының» химия пәнінің мұғалімі: «Лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Самандар Ешназаровтың «Біз тұтынатын су құрамындағы ауыр металдар» тақырыбында ғылыми жұмыспен айналысады. Осы күні оқушы да, оның жетекшісі де қосымша мағлұматтарға қанықты. Ғылыми жұмысының мазмұны толығатын болды деп қуанды».

Мемлекет басшысы жастарды техникалық мамандықтарға бағыттау жайын айтып өткен болатын. Бүгінде аталмыш бағытта жұмыстар атқарылуда.

«Су ресурстары Маркетинг» мекмесінің мұражайы да қонақтардың қызығушылығын арттырды. Өйткені мұражайда Шымкенттің су жүргізілуінің тарихы, 75 жыл бұрынғы желілер мен кейінгі жылдары енгізілген технология, бүгінгі қондырғылар туралы барлық ақпарат берілген. Экскурсия соңында ұстаздар мекеме жұмысына тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды. Жауаптылар мұндай шаралар алдағы уақытта да апта сайын өткізіліп тұрады дейді.