5 жасар баланы бала-бақшаның жертөлесіне қамап қойған

108

 Сарыағаш ауданына қарасты Құркелес ауылдық округіндегі «Ақ көгершін» балабақшасының жертөлесіне 5 жасар баланы қамап қойған. Ал оны жасаған бөтен емес, дәл сол бөбектер мекенінің меңгерушісі болып шықты.

Анықталғандай, жертөледе ешқандай қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Онда тіпті, от жағатын орын да болған. Оқиға 11 қазан күні сағат 11:00 шамасында орын алған.

Қазіргі уақытта баланың анасы құқық қорғау орындарына арыз жазып қалдырған. Мәселенің анық-қанығын Сарыағаш ауданының құқық қорғау органдары тексеріп жатыр.

Гүлдана Дәурен