Ербол Садыр Сарыағаш ауданына іс-сапармен барып қайтты

Айналасы бір сағаттың ішінде Е.Садырдың қабылдауына 8 азамат кірді
Арызбен келген көп азаматтың өтініші ауызсуға қатысты болды
Арызбен келген көп азаматтың өтініші ауызсуға қатысты болды

Таяуда тағайындалған облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр Сарыағаш ауданында болды. Орынбасар алғашқы іс-сапарында жеке қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың жеке арыз-шағымдарына жауап берді.

Қабылдауға келген азаматтың бірі Сағынғали Сайдашов көптің қамымен жүр. Айтуынша, аудандағы Рамадан каналы арнасынан асып, жан-жағындағы үйлерді су басып барады. Өйткені арна қоқысқа толған. Салынуы тиіс бетон қабырғаларға қаржының бөлінбей жатқаны да істі кері кетіріп барады. Ол бұған дейін Сарыағаштағы барлық шендіге келіп көрді. Бірақ нәтиже жоқ. Соңғы үміт облыс әкімінің орынбасарында.

Бұл күні Ербол Садыр үлкенді-кішілі проблемамен бас ауыртып жүрген 10-ға жуық Сарыағаштықты қабылдады. Көпшілігінің айтар шағымы – тіршілік нәрінен көрген тапшылыққа қатысты. Бұдан ауданда ауызсуға жарымаған ауылдың көптігінен хабар беретінін байқауға болады деді ол. Десе де, облыс әкімінің орынбасары барлық істің заң шеңберінде һәм жоспар бойынша жасалатынын түсіндірді.

Ербол Садырдың бұл әкім орынбасары болғаннан бергі алғашқы жеке іс-сапары. Жеке қабылдауды Сарыағашта өткізу кезектегі кесте бойынша ұйымдастырылған. Шенеунік қабылданған арыз-шағымдарды өз жеке бақылауына алатынын айтып, көптің көңіліндегі күдігін сейілтті.

Е.Садыр келген азаматтарға барлығы да заң аясында қаралатынына сөз берді
Е.Садыр келген азаматтарға барлығы да заң аясында қаралатынына сөз берді
Ербол Садыр
ОҚО әкімінің орынбасары Ербол Садыр
Бұл Е.Садырдың әкім орынбасары болғаннан бергі алғашқы іс-сапары
Бұл Е.Садырдың әкім орынбасары болғаннан бергі алғашқы іс-сапары
Облыс әкімінің орынбасары салаға қатысты мамандардың барлығын да қабылдауына шақырған
Облыс әкімінің орынбасары салаға қатысты мамандардың барлығын да қабылдауына шақырған
Айналасы бір сағаттың ішінде Е.Садырдың қабылдауына 8 азамат кірді
Айналасы бір сағаттың ішінде Е.Садырдың қабылдауына 8 азамат кірді
Шақырылған мамандар кешеуілдеген істердің не себептен болғанын түсіндірді
Шақырылған мамандар кешеуілдеген істердің не себептен болғанын түсіндірді
Іс-сапардың Сарыағаштан бастау алуы кесте бойынша жасалған іс
Іс-сапардың Сарыағаштан бастау алуы кесте бойынша жасалған іс
Жергілікті БАҚ құралдары қабылдаудың әрбір сәтін қалт жібермеуге тырысты
Жергілікті БАҚ құралдары қабылдаудың әрбір сәтін қалт жібермеуге тырысты
Көп мәселенің бірі Сарыағаштағы Рамадан каналына қатысты өрбіді
Көп мәселенің бірі Сарыағаштағы Рамадан каналына қатысты өрбіді
Облыс әкімі орынбасарларының кезекті қабылдауы ай сайын ұйымдастырылып тұратын шара
Облыс әкімі орынбасарларының кезекті қабылдауы ай сайын ұйымдастырылып тұратын шара
Е.Садырдың мұнан соң облыстың өзге де аудандарын араламақ жоспары бар
Е.Садырдың мұнан соң облыстың өзге де аудандарын араламақ жоспары бар

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Sq6MyRoKlxE[/youtube]