Сәлеметсіздер ме, «Отырар» порталының редакциясы! Ғани Іляев көшесінің бойындағы перзентхана маңында орналасқан №140 а үйі нағыз бүргелердің отанына айналған.
Кіреберіс пен пәтерлерде бүргелер қаптап, тұрғындардың берекесін қашырды. Үй жануарларын сыртқа шығаруға еш мүмкіндік жоқ.
Шығара қалсаң бүрге басып қалады. Тұрғындарды да бүрге шағып тастады.
«Раптор», «Дихлофос» сынды дүниелерден еш пайда жоқ. Үй маңын жағалаған иесіз мысықтар мен иттерді тұрғындар тамақтандырады. Сол иесіз жануарлар бүргелерді тасымалдаушы болып отыр.
Көше кезіп жүрген иттер мен мысықтарды ұстайтындар бөліміне қоңырау шалып шаршадық. Ешкім телефон көтермейді. Сіздерден көмек сұраймыз!!!
Қала тұрғыны