Шымкентте төрт түлік мал дәріленуде

791
Шымкентте төрт түлік мал дәріленуде

Шымкенте қырым-қанды қызбасына қарсы күзгі залалсыздандыру жұмыстары басталды. Жоспар бойынша 1 млн 800 шаршы метр қора-қопсы, 352 мың шаршы метр буферлік аймақ, 75 мың ірі қара, 122 мың ұсақ мал дәріленеді. 16 адамнан құрылған төрт бригада жұмыс істеуде. Дәл осындай жұмыс көктем айында да атқарылып, жоспар 100 пайызға орындалған. Биылғы жазда шаһар бойынша 500 адам кене тістеді деп шағымданыпты. Бірақ оң нәтиже бергені анықталмады. Сала мамандары дәрілеудің нәтижесінде кене саны кеміп келеді дейді.

Шымкентте төрт түлік мал дәріленуде

Тоғыс тұрғын алабындағы Елтай ауылында 1500-ге жуық ұсақ, 100-ге тарта ірі қара мал тіркелген. Бүгін қолдағы төрт түлікті дәрілеу үшін ауыл ақсақалдары мен жастары білік сыбана кірісіпті. Ауласындағы тұяқтыларын кезектеп бағатын шаруа кенеден келетін індетін алдын алу ортақ іс дейді.

Еңбекші ауданына аумағына бөлінген бригаданың мамандары ірі қараға арнайы дәріні бүркіп, қора-қопсыға ұнтақ дәрісін шашып берді. Барлық қажетті сайманы бар санитарлардың бір күнде 100 үйдің қорасын залалсыздандырып шығуға мүмкіндігі бар екен.

Шымкентте төрт түлік мал дәріленуде

Ветеринарлар бұдан бөлек қала бюджетінен бөлінген 5 млн 780 мың теңгеге 1млн 325 шаршы метр саябақ пен гүлзарларды дәрілеп шығуға міндетті. Бүгінде бұл жұмыстардың 20 пайызы орындалып отыр.

Нұрлан Күдерұлы