Шымкентті таң қалдырған төрт қара

«Танзания бойс»
«Танзания бойс»
«Танзания бойс»

Бұл жігіттер «Танзания бойс» деген атпен өнер сүйер қауымның көзайымына айналып үлгерген. Шығыс Африканың Танзания мемлекеті тумаларының есімі Салейман Джомба Мчеса, Карим Саийди, Моидин Гервас,Сарум Абдара.

Ташкентте, Америка мен Ресейдің цирктерінде келісімшарт негізінде өнер көрсетіп жүрген жігіттер, қазір Варшава циркінде жұмыс істеп жатыр. Жігіттер арнайы кәсіби мамандық бойынша дәріс алмаған. Олардың өнерге деген қызығушылығы талай шыңдарды бағындыруға өз септігін тигізген.

Мәселен, 2011 жылы Ресейдегі «Минута славы» тележобасына қатысып бас жүлдені иемденген өнерпаз жігіттер, 2013 жылы Астана қаласын-да өткен Халықара-лық «Азия жаңғырығы» фестивалінде ІІ-орыннан көрінген.

Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ