Маржан
Маржан
Маржан

Маржан – көбіне маржан полиптері класына, жарым-жартылай гидроидтар класына жататын ішек қуысты теңіз жәндігі. Маржанның көпшілігі пішіндері әр түрлі әктасты (кейде мүйізді) қаңқа түзеді. Сондай-ақ,  әшекей бұйым жасайтын қызыл және қара Маржандардың қаңқаларын да айтады. Түсі алуан түрлі болып кездеседі. Зергерлік өндірісте кей түрлері (қызғылт, қызыл, сарғылт қызыл, қызғылт қоңыр, қара, т.б. түсті) қолданылады. Түсі құрамына енген түрлі органикалық заттар мен қоспаларға байланысты. Темір қоспалары Маржанды қызғылт, қызыл, сарғылт қызыл, қоңыр, ал марганец сұр түске бояйды. Дүниежүзілік саудада алынған жеріне және сапасына қарай африкалық, алжирлік, сицилиялық, жапондық, т.б. болып жіктеледі. Әлемде жыл сайын 50 тоннаға жақын маржан өндіріледі. Одан түрлі зергерлік және әшекейлік бұйымдар жасалады.

Жұлдызнама (21.08-28.08)

Тоқты (21.03-20.04)

Көптен бері ойға алып жүрген жоспарыңызды жүзеге асыруға қолайлы апта. Тоқты белгісінде туылған нәзікжандылардың махаббатта айы оңынан туса, білектілердің денсаулығы сыр беруі мүмкін.

Торпақ (21.04-21.05) 

Торпақтар бірбеткейлігімен екінші жартысын ренжітіп алуы мүмкін. Сүйіктіңіздің көңілін табу үшін аянып қалмаңыз. Демалыс күндері табиғат аясына шығып демалғаныңыз жөн.

Егіздер (22.05-21-06) 

Қаржыдан қиналып жүрген Егіздердің қалтасы қалыңдай түспек. Ақшаңызды оңды-солды шашпауға тырысыңыз. Жұмыста маңызды шешім қабылдамас бұрын қабырғаңызбен кеңесіп алғаныңыз жөн.

Шаян (22.06-23-07) 

Бұл аптада Шаяндарды тосын сый күтіп тұр. Көптен бері көрмеген туыстарыңызбен бас қосуыңыз мүмкін. Денсаулығыңыз сыр берсе міндетті түрде дәрігердің кеңесіне құлақ түріңіз.

Арыстан (24.07-23.08)

Арыстандарды қызмет бабында толағай табыс күтіп тұр. Іссапарларға шығып, маңызды келісімшарт түзісесіз. «Сақтықта қорлық жоқ» деген қағиданы ұстансаңыз, ұтылмайсыз. Демалыс күндерін отбасыңызбен өткізіңіз.

Бикеш (24.08-23.09)

Екінші жартысын кездестірмеген Бикештердің махаббат айдынында айы оңынан тумақ. Жұмысбастылықпен жүремін деп, денсаулығыңызға көңіл бөлуді ұмытпағайсыз. Апта барысында той-томалаққа баруыңыз мүмкін.

Таразы (24.09-23.10)

Тынымсыз еңбегіңіздің бағаланатын кезі келді. Қалтаңыз қалыңдап, ұртыңыз майланады. Бағалы заттар сатып алуға қолайлы апта. Апта барысында алыс сапарға шығуыңыз мүмкін.

Сарышаян (24.10-22.11)

Бойдақ Сарышаяндар шаңырақ көтеруі мүмкін. Ал енді бірі екінші жартысын іздеп жүр. Апта барысында қызметтес әріптестеріңізбен сөзге келуіңіз мүмкін. Денсаулығыңызға көңіл бөлуді ұмытпағайсыз.

Мерген (23.11-21.12)

Жұмыстан шаршап жүрген Мергендерге демалыс керек. Апта барысында жағымды жаңалық пен қуанышты хабар күтіп тұр. Екінші жартыңызға көңіл бөлуді ұмытпағайсыз.

Тауешкі (22.12-20.01)

Басшылық сізге сенім артып отыр. Тынымсыз еңбектің де бағаланатынын естен шығармағаныңыз абзал. Бұл аптада алыс жолға шықпағаныңыз жөн. Демалыс күндерін жанұяңыздың мүшелеріне арнаңыз.

Суқұйғыш (21.01-19.02)

Күйгелектене бермеңіз. Денсаулығыңызды күтіңіз. Апта барысында өзіңізге «демалыс жариялап» алыңыз. Әріптестеріңізбен кикілжіңге келіп қалмауға тырысыңыз.

Балықтар (20.02-20.03)

Көптен бері көрмеген туысқандармен кездесудің сәті түсіп тұр. Алыс сапарға шығып қалуыңыз да ықтимал. Жаныңыз жабырқап жүрсе, екінші жартыңызбен сырласқаныңыз жөн.

Шымкент қаласы тұрғындары мен қонақтарының назарына!

«Қазақзергер» зергерлік бұйымдар салоны Ресей, Армения, Италия елдерінен әкелінген жоғары сапалы әшекей-бұйымдарды ұсынады. Жоғары сапалы әшекейді 20% жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндігіңіз бар.

Мекенжайы: М.Дулати көшесі, 9 үй.