№125 қоғамдық көліктің жолақысына наразы

 

№125 қоғамдық көліктің жолақысына наразы
№125 қоғамдық көліктің жолақысына наразы

«Асыл» ЖШС келісім шартты бұзып, бір жыл бойы жолаушыларды қымбат бағамен тасымалдап келген. Көлік компаниясы Жаңаталап ауылына қатынайтындардан 50 теңгенің орнына 60 теңге алып келген. Оған қанағаттанбаған жолаушы тасымалдаушылары екі жеті бұрын жолақысын 70 теңгеге шарықтатып жіберген. Ашынған ағайын көмек сұрап көшеге шықты. 

Жаңаталаптық тұрғындар ауылдан Бекжан базарына дейін 50 теңге, қалаға кірсе 60 теңге төлеп келген. Осы қаражатты азсынған №125 бағыттың басшысы жолақысын 70 теңгеге көтеріпті. Бірақ одан жақсарған қызмет сапасын көрмедік деп ашынады жолаушылар.

Ауылдықтардың осы арызын қала әкімдігінің көлік бөліміндегілер бүгін естігендей сыңай танытты. Көлік компаниясының басшылары келісімшартта көрсетілген бағаны өз бетінше көтермеуі тиіс дейді. Заңды бұзған жолаушы тасымалдайтын мекеменің басшысы жауапқа тартылатынын айтты.

Бір қызығы, бүгін Жаңаталапқа №25 автобус қатынай бастады .Бұл автобусты жолаушылар біраз уақытан бері жоғалтып алған екен. «Экспрес» ЖШС-нің басшылары бағыт кестесін өзгертіп, жолаушыға да жүргізушіге де ыңғайластырып берсе, жолаушы тасымалдауды тоқтатпауға уәделерін берді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9ASFq9hg32g[/youtube]