Қаржы полицейлері кезекті казиноны әшкереледі (бейнекадрлар)

357
ОҚО қаржы полициясы

Оңтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін құрықтады. Күдіктілер құмар ойынханасының көрігін қыздырған.

ОҚО қаржы полициясы
ОҚО қаржы полициясы

Қазақстанда Қапшағайдан басқа жерде құмар ойындарын ұйымдастыруға салынған тыйымға қарамастан әлі де болса әрекет етіп тұрған құмарханалар әшкереленіп жатыр. Осындай бір нысан Түркістанда табылған. Оңтүстіктің қаржы полициясы заңсыз ойын бизнесімен айналысып келген тұлғаларды анықтады. Шұғыл-іздестіру іс -шараларын жүргізу нәтижесінде 5 ойын ғимараты және 49 ойын аппараты тәркіленіп алынған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=FjyhjrBzA5k[/youtube]

Қазір қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Үш адам қамауға алынып, ойынханалар орналасқан ғимараттарды тәркілеу мәселесі қарастырылып жатыр.