«Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» эпосы орыс театрында сахналанды

Аңызға айналған махаббат трагедиясы

Облыстық орыс драма театры 84-ші маусымын қазақтың лирикалық эпосымен ашты. Өнер ұжымы сезімге толы «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» шығармасын сахналады. Ғабит Мүсіреповтың лиро-эпостық шығармасын Алматыдан келген режиссер Қуандық Қасымов қойды.

Аңызға айналған махаббат трагедиясы
Аңызға айналған махаббат трагедиясы

 

Қуандық Қасымов, режиссер: «Мүсіреповтың ойы дәл жеткізуге тырыстым. Қазіргі заманға лайықтап, қысқартып-қысқартып, пластикалық тілмен жастарға түсінікті болсын деген де ойым болды».

Театрдың бұл премьерасы аншлагпен өтті. Қозы мен Баянның рөлін сомдаған театрдың ең жас әртістері ғашықтар образын сомдауда қобалжығанларын жасырмайды.

Лилия Данилова, Баян Сұлу рөлін сомдаған актриса: «Бұл рөлді сомдау — тек үлкен жауапкершілікті ғана емес, шеберілкті де талап етеді. Бұл — өте ерекше рөл. Мен нәзік, жұмсақ, ақкөңіл қыздардың рөліне үйренгенмін. Мұнда да сондай».

Басты рөлдерді сомдағандар —  орыс драма театры жанындағы «Болаганчик» студиясының өнерпаздары. Бүгінде театрды жас актерлармен қамтамасыз етуде бұл студияның орны ерекше. Студияда жүріп, осы театрдың сахнада көпшілік қойылымдарға, маңыздылығы жағынан 2-3 орындағы рөлдерде ойнап жүріп кәсібилігін шыңдаған жастар пісіп-жетілгенде еш қиындықсыз кез-келген рөлдерді сомдай алады. Бұған осы жолғы «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» қойылымы дәлел бола алады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-mU9g_xrDMQ[/youtube]