Орыс драма театры жаңа ғимаратқа көшпейді

491
осы ғимаратта орыс драма театрына берілді

Орыс драма театры 85 маусымының шымылдығын «Қара шаңырақта» түрді. Мерейтойға толы маусымды театр әртістері түрлі тосынсыйлармен бастады, яғни, көрермендері үшін қымбат қойылымдарды сахналамақ.

осы ғимаратта орыс драма театрына берілді
Бұл ғимарат орыс драма театрына берілді

Театрдың көркемдік жетекшісінің бөлмесі әзірге гримдеу орнына айналды. Себебі мұнда күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Игорь Вербицкий театрдың жөндеуден кейінгі кейпін елестетіп, жылдар бойғы тілегін жүзеге асыруды ойлайды.

Игорь Вербицкий, орыс драма театрының бас режиссері: «Театр әрдайым үзіліссіз жұмыс жасайтын болады. Біз тек дүйсенбі күні демалып, қалған күндерді дайындыққа арнаймыз. Ал бейсенбіден бастап спектакльдерді сахналаймыз. Қойылымдарды алдын ала бірнеше ай бұрын жоспарлап, оны жұртшылыққа жарнамалай аламыз. Және көрерменіміз де жаңа қойылымдармен танысады. Ал демалыс күндері міндетті түрде отбасылық қойылымдар ұсынылады. Бір сөзбен айтқанда, талапқа сай театр ретінде қызмет атқарамыз.»

орыс драма театры 85 маусымының шымылдығын түрді

Спектакльге санаулы минуттар қалғанда өпшілік көрермендер залына ағылып жатты. Раиса Нұғманова өнер ұжымының ешбір қойылымын қалт жіберген емес. Азаматша бүгінгі маусымның ашылуына өзінің отбасымен арнайы келген.

Раиса Нұғманова, көрермен: «Мен қазір қуанышты хабарды естідім. Орыс драма театрының осы ғимаратта қалғанын құп көремін. Себебі – үйім осы маңда. Спектакль дегенде көршілермен бірге тездетіп келе қаламын, енді бұл жаңалықты таныстарыммен де бөлісемін.»

Ұжым жаңа қойылымдары сахналамақ

Әртіс Андрей Комаров ауыр жарақат алып , театр өмірінен жарты жылға қол үзген еді. Енді, міне, дәрігерлердің рұқсатымен сахнаға қайта оралды. Қазір өнер иесі ұжымның ешқайда көшпей, «Қара шаңырақтың» қабырғасында қалғанына қуанып жүр.

Андрей Комаров, әртіс: «Мен осы қабырғада, осы ғимаратта жүріп өстім. Балалық шағымның бәрі осында өтті. 20 жылдан бері театрда қызмет етемін. Сондықтан осы театрдан алыстағым да келмейді, көрермендерім де мені осы театрдан табады.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=1Rtde2QbJrk[/youtube]

Орыс драма театрында спектакльдер маусымның ашылуына орай 4 қыркүйекке дейін сахналанады. Ал жаңа жылдан бастап өнер ұжымы көрермендер сүйікті әртістері мен жаңа туындыларды тамашалайды деп уәде беріп отыр. Бұған қоса режиссер театрдың қоржынын қызықа толы комедиялық қойылымға толықтырмақ.