Шымкенттегі театр сквері сүрілмейді

512

Шымкенттегі Асқаров және Бейбітшілік көшелеріндегі екі Арбат құрылысы басталады дегеннен облыстық орыс драма театры ұжымынан маза қашты. Өйткені, драмтеатрдың бір бөлігі сүріледі деген қаңқу сөз өнер ұжымына да жеткен.

Өз қаражаттарына театр аумағын ажарландырып, көркейткен өнер ұжымы қылқанжапырақты ағаштар мен бағалы өсімдіктерді өсірген. Театр шарбағы мен 1,5 млн. теңгеге жүргізілген өздігінен суғару жүйесі, көгалдар, барлығы 3 млн. теңгенің жұмысы желге ұшатын болды деп өнер ұжымы қорқынышын жасырмады.

Арнайы жазылған хаттарға әкімдіктен жауап жоқ дейді облыстық орыс драма театрының директоры Наталья Шевченко. Ал қалалық әкімдіктегілер уайымға негіз жоқ дейді. Шымкенттің бас архитекторы Нұрлан Архабаев көгалдандыру жұмыстарына зарар келмейді, тек шарбақ сүріледі деп сендірді.