Ғасыр жобасы — «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автодәлізінің құрылысымен танысу мақсатында Беларуссияның Брест қаласынан жолға шыққан автошеру Оңтүстік Қазақстан облысына жетті. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің көлік мекемелерінің өкілдері, жол саласының қызметкерлерінен құралған топ бүгінге дейін белгіленген бес жарым мың шақырым жолдың жартысынан астамын басып өткен.
Елуге жуық маманның басын босқан жұмысшы топ әлемдік маңызы бар күре жолдың құрылысымен танысты. Мамандар сынама алаңында болып, құрылыс сапасын анықтады. Әлемдік маңызы бар күре жолдың сапасын тексеру үшін шыққан шеру құрамында 10 көлік және бір жылжымалы зертхана бар.
Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан Аблалиев қолданылып жатқан технологиялардың жаңалығына ерекше тоқталды. Жолға шыққандар алдағы күндері Жамбыл, Алматы облыстарында сапарын жалғастырады. Автошеру апта соңында Қазақ-Қытай шекарасында аяқталмақ.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=fwWK-uC3Fl8[/youtube]