Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан–Шәуілдір тас жолында қарсы бағытқа шығып қозғалған Lexus 330 автокөлігінің бейнежазбасын анықтады.
Жедел жүргізілген тексеру нәтижесінде көлік тізгінінде Отырар ауданының 39 жастағы тұрғыны болғаны белгілі болды. Жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзған жүргізушіге қатысты “Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу” бабымен әкімшілік шара көрілді. Көлік айыптұраққа қойылды.
Түркістан облысының полицейлері жолдағы қауіпсіздік – баршаға ортақ жауапкершілік екенін ескертеді. Әлеуметтік желілерде жарияланған құқық бұзушылықтар да назардан тыс қалмайды. Әрбір дерек мұқият тексеріліп, заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
Құрметті жүргізушілер! Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, өзіңіздің және өзгенің өміріне қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеңіздер.








