Шымкентте екі жыл іздеуде жүрген қылмыстық топтың «серкесі» ұсталды. Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті қаладағы кафелердің бірінде қолға түскен. Анықтау барысында ол 1988 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. «Ерема» лақап аты бар сезікті екі жылдан бері іздеуде жүрген. Оған Маңғыстау облысы тұрғындарына қарақшылық шабуыл жасаған деген айып тағылған.
Тергеушілердің мәліметінше, 2011 жылы белгісіз біреулер Шымкентте келген Маңғыстау облысының екі тұрғыны тұрып жатқан пәтерге шабуылдаған. Күш көрсетіп және қарумен қорқытып, олардан 24 мың доллар және 270 мың теңге салынған сөмкені тартып алып кетеді.
Жедел іздестіру шарасы кезінде үш күдікті ұсталған, олардың арасында 32 жастағы әйел да бар. Қылмыскерлер соның бағыттауымен әрекет еткен деген болжам бар. Тағы бір қарақшылық шабуылға қатысқан қылмыскерге іздеу жарияланған еді. Енді ол да 2 жылдан кейін ұсталып отыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=N0CuI83cqVc[/youtube]
Күдікті жігітті алдын ала тергеу барысы:
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=KMZ1VCLYlDs[/youtube]