Шымкентте жезөкшелік тыйылмай тұр (бейнекадрлар)

1210
Ұсталған бикештер мен жігіттер

Шымкентте жезөкшелікке де, оларға пәтер жалға беретіндердің әреттеріне де тоқтау болмай тұр. Таяуда әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне енгізілген өзгертулерден соң полиция арнайы рейд ұйымдастырған болатын. Оған облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері мен «Арлан» арнайы жасағаның сарбаздары жұмылдырылды. Дегенмен, шара басталмай жатыр жезөкшелер одан хабардар болып алған. Сондықтан бұл жолы тәртіп сақшылардың құрығынан түнгі көбелектің көбі құтылып кетті.

Ұсталған бикештер мен жігіттер
Ұсталған бикештер мен жігіттер

Аядай бір бөлмелі мына пәтерде бес бірдей бикеш тұрып келеді. Олардың ортақ кәсібі – жезөкшелік. Бойжеткендерге баспана да – осы, «жұмыс» орны да – осы. Бөлмеге сыймағаны ас үйде «асыр» салады. Жеңіл жүріспен желіккендермен қоса тәртіп сақшылары осында қонаққа келген алты жігіттің үстінен түсті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=vz-N0fGyva4[/youtube]

Байқасақ, іші қыз бен қызыққа толы пәтер көпке танымал екен. Анықталған қыздардың жасы 20 мен 23-тің арасында. Айтуларынша, ортадан ақша шығарып, пәтер жалдап тұрады. Әрқайсысы күніне мың теңге төлейді. Бірақ, пәтер иесін танымаймыз деп бет бақтырмады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ZAO1NI9FMyU[/youtube]

Тәнін сатқан түнгі көбелектер бұдан да көп анықталар ма еді, кім білсін. Полицияның арнайы ұйымдастырған шарасы туралы жезөкшелер хабардар болып шықты. Жүрек жұтқан жеңгетайлар екен. Рейдті де, полицияны да місе тұтпайтын сияқты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9GCaPG4hqk8[/youtube]

Дегенмен, арада бірер минут өтпей жатып полицейлердің құрығына түскен әйел ештеңені білмеймін деп тайқып шықты. Тәртіп сақшыларына айтыр уәжі де дайын екен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7lNiKozybbY[/youtube]

Рейд барысында ұсталғандар анықтау-қабылдау бөліміне жеткізіледі. Саусақ іздері тіркеуге алынған соң, бостандыққа жіберіледі. Өкінішке орай, еліміздің заңында жеңіл жүрісті қыздарды жазалау жағы қарастырылмаған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bD9ba0PDT-I[/youtube]