Жас қыздарды сатқан жеңгетей

224
Қолға түскен жеңгетай

Шымкентте жас қыздарды жезөкшілікпен айналысуға тартпақ болған жеңгетай ұсталды. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген «Трафикке тосқауыл» атты арнайы шара барысында 26 жастағы азаматша ұсталып отыр.

Қолға түскен жеңгетай
Қолға түскен жеңгетай

Жеңгетай қаладағы жалдамалы пәтердің бірінде ұсталды. Ол 21 және 18 жасар Қызылорда облысының қос тумасын баспана жалдағандарға қомақты қаржыға саудалап жатқан жерінен құрықталды. Тексере келе бойжеткеннің бірі студент екені анықталады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=IIlhR7twnAk[/youtube]

Пәтерді тінту барысында тәртіп сақшылары осы сауда үшін арнайы белгі салынған 10 мың теңгелік ақшаларды тапты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Vdb_F37AE7o[/youtube]

Полиция қызметкерлерінің мәліметі бойынша, жеңгетай қаржыдан қиналып жүрген қыздарды жезөкшелікке тартып жүрген. Ол қаладағы әр-түрлі оқу орындарынан немесе көңіл көтеретін нысандардан қыздарды тауып, тәнін сатуға көндіргені үшін қалталы азаматтардан қомақты ақша да алып отырған болуы мүмкін. Күдіктіге қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалған.