Облыс әкімі Ресей орденімен марапатталды

245
ОҚО әкіміне "Достық" ордені тағылды

Шымкентке Қазақстандағы Ресей елшілігінің жетекшісі келді. Достық қарым-қатынасынн нығайту үшін арнайы ат басын бұрған Ресейдің төтенше және өкілетті елшісі облыс әкімі Асқар Мырзахметовке айтулы сый-сыяпатын ала келіпті. 

ОҚО әкіміне "Достық" ордені тағылды
ОҚО әкіміне «Достық» ордені табысталды

Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарников алдымен «Даңқ» мемориалына ат басын бұрды. Мұнда қонақтар Ұлы Отан соғысының ардегерлерімен кездесіп, опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етті. Мәртебелі мейман мемориалдағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Дегенмен, қонақтың Оңтүстікке келгендегі басты мақсаты – облыс әкімі Асқар Мырзахметовке Ресейдің «Достық» орденін тапсыру болатын.

Михаил Бочарников, Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі: «Облыс әкімі біздің екі жақты әріптестігіміз бен өзара түсіністігімізді нығайтуға ерен еңбек сіңіріп жатыр деп есептеймін. «Достық» орденімен марапаттаудың ОҚО тұрғындарының ұсынысымен болғаны құпия емес. Осы жайт көп нәрсені білдіреді.»

Осылайша «Достық» ордені облыс әкімі Асқар Мырзахметовке салтанатты түрде тапсырылды. Ресей елшісінің айтуынша, бұл орденмен тек Ресейдің қадір тұтатын достары ғана марапатталады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jWJSfus2Li8[/youtube]

Асқар Мырзахметов, ОҚО әкімі: «Мұндай мемлекеттің осындай жоғары наградасын алу қандай да бір азамат үшін үлкен құрмет екені белгілі. Сондықтан бұл өз басым, тек қана өз басым үшін емес, менің әріптестеріммен бірге, осы екі мемлекеттің қойып жатқан талаптарын орындауда атқарылып жатқан жұмысының нәтижесі деп есептейміз.»

Бұдан соң елші Асқар Мырзахметовпен Ресей аймақтары мен Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық және саяси байланыстарын нығайту жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Осылайша екі тарап 2015 жылы Еуропалық Экономикалық Одаққа мүшелікке өтіп, өзара тығыз-қарым-қатынаста жұмыс жасауды мақсат етіп отыр.