Жұлдызнама. 20.11-27.11 2013 жыл

Морион
Морион
Морион

Морион – кварцтың бір түрі.  Кристалдарының түсі түтін тәрізді қара немесе қою қара болады. 250-300 градус С-дейін қыздырғанда түссізденеді. Техникада түссізденген Морион жиі қолданылады. Ол гидротермальды желілерде, граниттік пегматиттер мен грейзен ұяларында кездеседі. Кен орындары Канада, АҚШ, Бразилия, Ресей, Қазақстанда  бар.

Жұлдызнама. 20.11-27.11

Тоқты (21.03-20.04). Тасы: гауһар тас, лағыл. 

Бұл апта Тоқтылар үшін қолайлы өтпек. Шығармашылықпен айналысуға қолайлы апта болмақ. Арманыңыз орындалады. Қаржылық мәселеңіз шешіледі. Айналаңыздағыларға өз ойыңызды ашық айтуға қысылмаңыз.

Торпақ (21.04-21.05). Тасы: көгілдір ақық пен жақұт. 

Жаңа бастама бастауға қолайлы апта. Тәжірибе жасаңыз. Айналаңыздағылармен тіл табысуға тырысыңыз. Алыс сапарға шыққаныңыз абзал. Апта барысында жағымды жаңалық естисіз. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз.

Егіздер (22.05-21-06). Тасы: ақық, жақұт.

Бәріне де дайын болыңыз. Жұлдызшы мамандардың болжамынша, бұл аптада Егіздерді түрлі қиындықтар күтіп тұр. Нар тәуекелге бармаңыз. Ешкіммен араздаспағаныңыз жөн. Алыс жолға шықпаңыз. Шешім қабылдамас бұрын жақсылап ойланыңыз.

Шаян (22.06-23-07). Тасы: зүбаржат, інжу, сарғыш жасыл ақық, ай тасы. 

Бақытыңыз үшін күресе біліңіз. Нәзікжанды Шаяндардың махаббатта айы оңынан туып тұр. Ал, жуанбілектілер сүйіктісін ренжітіп алуы мүмкін. Қаржы тапшылығы сезілсе де ешкімнен қарыз алмауға тырысыңыз.

Арыстан (24.07-23.08). Тасы: зүбаржат, топаз, оливин, кәріптас. 

Арыстандар еңбекқорлығының арқасында олжалы болмақ. Үйіңізге жаңа жиһаз сатып алудың реті түсіп тұр.Сондай-ақ, шығармашылықпен, спротпен айналысуға қолайлы апта болмақ. Заң қызметкерлерімен сөзге келмегеніңіз абзал.

Бикеш (24.08-23.09). Тасы: маржан, нефрит, ақық. 

Нәзікжанды Бикештер төзімділігімен, бірбеткейлігімен, еңбекқорлығымен айналасындағыларды тәнті етеді. Десек те, «аңдамай сөйлеген, ауырмай өледінің» кебін киіп жүрмеңіз. Жұлдызшы мамандар Бикештерге саяхатқа шығуға кеңес береді.

Таразы (24.09-23.10). Тасы: гауһар тас, жылтыр тас.

Қызметіңізде табысты, жеке өміріңізде бақыттысыз. Жаңа бастама бастауға қолайлы апта. Шығармашылық қабілетіңізді шыңдаңыз. Басшылықпен сөзге келуден аулақ болыңыз. Бейтаныс жандарға сенбегеніңіз жөн.

Сарышаян (24.10-22.11). Тасы: жасыл ақық, лағыл, қызыл жақұт, маржан, анартас.

Жаңа бастама бастауға, жаңа достар табуға, отбасын құруға қолайлы апта. «Сабыр түбі – сары алтын» екенін естен шығармаңыз. Өз-өзіңізге сенімді болсаңыз, бағындырмаған шың, алмаған асуыңыз болмайды.

Мерген (23.11-21.12). Тасы: лағыл, күлгінтас, топаз, зүбаржат. 

Келісімшарт түзісіп, маңызды шешім қабылдауға қолайлы апта. Көмегіңізге зәру жандарға қол ұшын созыңыз. Басшылық тарапынан мақтау естіп, бір марқайып қаласыз. Кешқұрым уақытта жоға шықпаңыз. Ішімдіктен аулақ болыңыз.

Тауешкі (22.12-20.01). Тасы: қарақошқыл лағыл, қара қошқыл оникс, көгілдір малахит.

Өзгелерді ойлап жүріп, өзіңізді ұмыт қалдырған сияқтысыз. Аптаның бірінші жартысында қалтаңыз қалыңдай түседі. Дегенмен, қаржыңызды ақылмен жұмсамасаңыз, айдың соңында тығырыққа тірелесіз. Көңілді басқосу күтіп тұр.

Суқұйғыш (21.01-19.02). Тасы: ақық, көгілдір ақық, жасыл ақық, жақұт, зүбаржат, күлгінтас, інжу, анартас. 

Қордаланған мәселелер өз шешімін таппақ. Сын айтудан аулақ болыңыз. Абай болмасаңыз, алаяқтардың құрбаны болуыңыз ықтимал. Аптаның екінші жартысында жеке өміріңізде бірқатар өзгерістер орын алмақ.

Балықтар (20.02-20.03). Тасы: маржан, көгілдір ақық.

Сіздің қолыңыздан келмейтін іс жоқ. Еңбегіңіз бағаланбаса қамықпаңыз. Көшбасшылық қабілетіңіздің арқасында біраз жетістікке жетесіз. «Отбасы ошақ қасы» деп, өзіңізді ұмыт қалдырған сияқтысыз.