Жұлдызнама (09.10-16.10)

Яшма
Яшма
Яшма

Яшма – шақпақ тас. Кварцтың өте тығыз бітіскен, аса ұсақ түйірлерінен құралған шөгінді, жанартаутекті тау жынысы. Түсі шұбар, қызыл, жасыл, сұр  болып келеді. Әдемі түсті яшма тасынан әшекей және зергерлік бұйымдар жасалады. Яшма кендері Орал, Алтай, Қазақстан, Чехословакия, Италия, Испания елдерінде табылған.

Жұлдызнама (09.10-16.10)

Тоқты (21.03-20.04). Тасы: гауһар тас, лағыл. 

Шығармашылықпен айналысуға қолайлы апта. Қызметте де, жеке өміріңізде де жағымды өзгерістер орын алмақ. Мамандар салауатты өмір салтын сақтауға кеңес береді. Әсіресе, артық салмақ жинай бастаған Тоқтылар диетеға отырып, спортпен шұғылданғаны абзал.

Торпақ (21.04-21.05). Тасы: көгілдір ақық пен жақұт. 

Бұл апта Торпақтар үшін бір қалыпты өтпек. Қызметте сабырлық сақтап, ақылмен шешім қабылдасаңыз, ұтылмайсыз. Екінші жартысын кездестірмеген жандардың жеке өмірінде өзгеріс байқалмайды. Ал, ерлі-зайыптылар бірін-бірі ренжітіп алуы ықтимал.

Егіздер (22.05-21-06). Тасы: ақық, жақұт.

Бұл апта түрлі жағымды жаңалықтарға толы болмақ. Жеке кәсіпкерлік бастағалы отырған Егіздер өздеріне сенімді серіктес таба білсе, асығы алшысынан тұрмақ. Апта барысында іссапарға шығуыңыз мүмкін. Мамандар ас мәзіріне назар аударуға кеңес береді.

Шаян (22.06-23-07). Тасы: зүбаржат, інжу, сарғыш жасыл ақық, ай тасы. 

Шаяндар үшін бұл апта қарбалас болмақ. Жұмысыңызға жауапкершілікпен қарап, өзіңізге жүктелген міндеттерді тиянақты орындауға тырысыңыз. Апта барысында Шаяндарды романтикалық кеш күтіп тұр. Жұлдызшы мамандар денсаулығыңызға немқұрайды қарамауға кеңес береді.

Арыстан (24.07-23.08). Тасы: зүбаржат, топаз, оливин, кәріптас. 

Бастаған ісіңізді аяқсыз қалдырмаңыз. Жұмысбастылықпен жүріп, сүйіктіңізді ұмыт қалдырмағаныңыз абзал. Демалыс күндерін екінші жартыңызға арнаңыз. Сауда-саттық жасап, үй жиһазын алуға қолайлы апта. Жұлдызшы мамандар газдалған сусын мен ащы тағамнан бас тартуға кеңес береді.

Бикеш (24.08-23.09). Тасы: маржан, нефрит, ақық. 

Көптен бері ойға алып жүрген ісіңізді қолға алатын кез келді. Қызмет бабымен іссапарларға шығуыңыз ықтимал. Қаржыңызды оңды-солды шашпағаныңыз абзал. Әріптестеріңізбен тіл табысуға тырысыңыз. Денсаулығыңыз сыр берсе, дәрігерге қаралыңыз.

Таразы (24.09-23.10). Тасы: гауһар тас, жылтыр тас.

Бұл аптада жанұяда, жұмыста қордаланған мәселелердің түйінін шешуге тырысыңыз. Демалыс күндері қызметтестеріңізбен бас қосып, көңіл көтерудің сәті түсіп тұр. Мамандар таразы белгісінде туылғандарға спирттік ішімдік ішпеуге кеңес береді.

Сарышаян (24.10-22.11). Тасы: жасыл ақық, лағыл, қызыл жақұт, маржан, анартас.

Бұл апта Сарышаяндар үшін қолайлы болмақ. Арманы орындалып, биік шыңнан көрінеді. Шығармашылықпен айналысуға қолайлы апта. Рухани немесе материалдық жағынан сізден көмек сұрап келген жандарға қол ұшын созғаныңыз абзал. Мамандар жағымсыз әдеттен арылуға кеңес береді.

Мерген (23.11-21.12). Тасы: лағыл, күлгінтас, топаз, зүбаржат. 

Тынымсыз еңбегіңіздің бағаланатын сәті келді. Аптаның бірінші жартысында жеке өміріңізде бірқатар өзгерістер орын алмақ. Демалыс күндері әріптестеріңізбен бірге іссапарға шығуыңыз мүмкін. Мамандар денсаулығыңыз үшін спортпен шұғылданып, хауызға түсуге кеңес береді.

Тауешкі (22.12-20.01). Тасы: қарақошқыл лағыл, қара қошқыл оникс, көгілдір малахит.

Бұл апта Тауешкілер үшін бірқалыпты өтпек. Аптаның бірінші жартысында іссапарға шығуыңыз мүмкін. Демалыс күндері көптен көрмеген туыстарыңызбен дастархан басында дәмдес боласыз. Мамандар уақыт тауып дәрігерге көрінуге кеңес береді.

Суқұйғыш (21.01-19.02). Тасы: ақық, көгілдір ақық, жасыл ақық, жақұт, зүбаржат, күлгінтас, інжу, анартас. 

Маңызды шешім қабылдауға қолайлы апта. Мамандар алыс сапарға шықпауға кеңес береді. Демалыс күндерін отбасыңызбен өткізіңіз. Аурудың алғашқы белгілерін байқасаңыз, дәрі-дәрмек ішіп алдын алғаныңыз жөн.

Балықтар (20.02-20.03). Тасы: маржан, көгілдір ақық.

«Сабыр түбі – сары алтын» екенін естен шығармаңыз. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын, ой таразысынан әбден өткізгеніңіз абзал. Жуан білекті Балықтар сүйіктісін ренжітіп алса бірінші болып кешірім сұрағаны жөн. Ал, Балықтар белгісінде туылған нәзікжандылар қоғамдық орындарда аса сақ болғаны абзал.