Балаларға сыйлық таратылды

Балаларға ойыншықтар мен тәттілер таратылды

Шымкентте балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Бала жүрегі ән салады» атты қайырымдылық байқауы өтті. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған сайысқа кәсіпкерлер демеушілік білдірген. Жүлделі орын иеленген топқа қомақты қаржылай әрі бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері әнді нақышына келтіріп орындады
Балалар үйінің тәрбиеленушілері әнді нақышына келтіріп орындады

Сайрам, Төлеби, Шымкент балалар үйінен жиналған 20-ға жуық жасөспірім ортада өз өнерлерін паш етті. Олар мерекелік және отандық әндерді орындап, қазылар алқасының үздік бағасын алуға тырысты.

Қайырымдылық шараға цирк өнерпаздары да шақырылды
Қайырымдылық шараға цирк өнерпаздары да шақырылды

Гүлберді Тұрсынбай, №2 Төлеби ауданындық балалар үйінің тәрбиеленушісі: «Біз бүгін үш ән  алып келдік. Әндерді бізге тәрбиеші бастан-аяқ үйретіп, байқауға дайындады. Өзің әншілерге ұқсап ән салсаң, қызық болады екен, әрі сергіп қаласың.»

Қайырымдылық іс шара балалардың көңілінен шықты
Қайырымдылық іс шара балалардың көңілінен шықты

Әрбір әнді бағалап отырған қазылар алқасы жүлделі орынды да саралап берді. Олар әнді нақышына келтіріп орындағаны үшін Төлеби ауданының балаларын бірінші орынға лайық деп тауыпты. Сондай-ақ, демеушілер әнді үздік орындаған 6 балаға 300 мың мен 500 мың теңге аралығында ақшалай көмек көрсетті.

Олжас Бекбау, «Шымкент сыра» ЖШС-нің бас маманы: «Байқауға қатысып отырған әр балаға банктен есеп-шот ашылады. Ол ақшаны балалар кәмелет жасқа толғанда бір -ақ ала алады. Жастарымыз жаман жолға түсіп кетпесі үшін осындай қызықтар ұйымдастырып отырмыз.»

Балаларға ойыншықтар мен тәттілер таратылды
Балаларға ойыншықтар мен тәттілер таратылды

Бұл күні бүлдіршіндер ән айтып қана қоймай, молынан жайылған дастарханнан дәм татып, тәтті күлкіге көмілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық іс-шаралары мұнымен шектелмек емес.