Білім министрінің жаңа бастамасымен педагогтар келіспейді

229
Мектеп оқушылары 12-сыныпты ЖОО-да оқығысы келмейді

Мектеп оқушылары 2015 жылы 12-сыныпты университет қабырғасында жалғастыра ма? ҚР Білім және ғылым vинистрі Аслан Сәрінжіпов осы жобаны бақылауға алып, пайдалы мүмкіндіктерін қараcтырып жатыр. Ал біздің облыстағы жоғарғы оқу орындары кезекті реформаны қолға алған министрдің бұл бастамасын жүзеге асыруға қаншалықты дайын?

Мектеп оқушылары 12-сыныпты ЖОО-да оқығысы келмейді
Мектеп оқушыларының барлығы бірдей 12-сыныпты жоғарғы оқу орнында жалғастыруды қаламайды

 Жалпы, 2015 жылы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу бастамасы қолға алынған болатын. Оған мектеп оқушылары мен ұстаздар, ата-аналар қатты алаңдаған жоқ еді. Ал енді соңғы 12-сыныпты жоғарғы оқу орнының қабырғасында жалғастыру жобасы шәкірттерді абдыратып тастады.

Ақерке Ибрагимова, 11-сынып оқушысы: «12-сыныпты университетте бітіруге келіспеймін, себебі, оқушы 11-сыныптан кейін ЖОО-на барып оқығанда жаңа ортаға бейімделе алмайды. Өзін ыңғайсыз сезінеді деп ойлаймын. Және өзінің білімге деген қабілеті жойылуы мүмкін.»

Ұстаздар 12 жылдықты шәкірттер мектепте тәмамадағанын қалайды
Ұстаздар 12 жылдықты шәкірттер мектепте тәмамдағанын қалайды

Шәкірттер тұрмақ, ұстаздар қауымы да бұл қадамды құптамайды. Педагогтардың айтуынша,12-сыныптағы білімді ЖОО-да жалғастыру оқушының жүйкесіне ғана әсер етпейді. Аттестат алу емтиханына дайындалуға да кері әсерін тигізуі мүмкін.

Жанар Жорабекова, №33 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:»Педагог ретіндегі өзімнің ұстанымым — оқушы 12 жыл бойы мектеп қабырғасында білім алып шығуы керек. Мәселен, шәкірт басқа ортаға немесе университетке барып, ол жердегі мұғалімнің, яғни, оқытутышының сабақ беру әдісіне бірден үйреніп кетуі қиын деп есептеймін.»

 көптеген ЖОО-дарында өз студенттеріне дәрісханалар жетіспейді
Көптеген жоғарғы оқу орындарында өз студенттеріне дәрісханалар жетіспейді

 Қаламыздағы жоғарғы оқу орындары да мектептің 12-сынып оқушыларын қабыл алуға толық дайын емес. Бұл үшін үлкен жұмыс жүргізу қажет. Білім беру әдісін қоспағанның өзінде, материалдық база мәселесін реттеу қажет.

Қанат Байболов, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры: «Бұл 12 жылдық бағдарлама болғаннан кейін, өзінің бір механизмі болуы керек. Мәселен, мектептен келген балаға тек қана біздің университеттің қабырғасында оқығаннан еш пайда жоқ. Ал егер осындай жағдай болса, қосымша ғимараттар салуға тура келетін шығар, арнайы мектеп шәкірттері білім алатын жер керек қой.»

 12-сыныптың университетте жалғасуы үшін жаңа білім беру жүйесін ғана емес, оқытатын мамандар тобын да жасақтау қажет. Одан бөлек, көптеген ЖОО-дарында өз студенттеріне дәрісханалар жетіпсейтіні тағы бар.