Шымкентте Тельман бөлімшесіндегі №52 мектептің бірқатар оқушылары сабаққа барудан бас тартып отыр. Себебі, олар үшін білім ұясына барудың өзі мұң болыпты. Осылай деп арызданған ата-аналар перзенттерінің мектепке барар жолда лай-батпаққа малынатынын айтады.
Сальян Байрамов, «Тельман» бөлімшесінің тұрғыны: «Жанымызды шүберекке түйеміз, қашан балалар оқудан келеді деп! Жаңағы жерді көрдіңдер, көл болып жатыр. Оның үстіне кеп топырақ, тас әкеліп, үйіп-үйіп қоямыз, бірақ, одан пайда болмай жатыр. Әкімнің есігі, міне, құлыптаулы, қанша рет келдік, жоқ. Кімге барып айтамыз енді?! Халыққа жағдай жасайтын әкіміміздің түрі мынау!»