Учаскелік инспектор соққыға жығылды

253
Жәбірленуші

Шымкентте тәртіп сақшысы таяқ жеді. Оқиға күні кеше шаңқай түсте тіркелген. Тельман бөлімшесіндегі Сәрсенбаев көшесінің тұрғынына арыз түскен. Осы ауданның учаскелік инспекторы балағаттаған азаматты арызбен таныстыруға келген.

Жәбірленуші

Үстінен арыз түскен азамат сотқа бармаймын деп, тәртіп сақшысына қарсылық танытқан. Оған көмекке үйінен туыстары шығады. Әкесі мен екі баласы инспектордың шен белгілерін жұлып, дене жарақатын салған.

Погон

Учаскелік инспектордың жекеменшік автокөлігін құқық бұзуышылар таспен ұрып, әйнектерін қиратқан. Таяқ жеген тәртіп сақшысын жедел жәрдем бригадасы ауруханаға алып кетті. Қазір инспекторға қол көтерген үш азамат ұсталыпты. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мамандары мәлімдеп отыр.

Ернар Балабеков