Полицейлер жас баланы құтқарып қалды

436

Шымкент қаласының тұрғыны 1,5 жасар немересін құтқарған полицейлерге алғыс айту үшін оларды бірнеше күн іздеуіне тура келді. Таяуда облыстық ішкі істер департаментіне зейнеткер қарт тәртіп сақшыларын іздеп келеді.

001 (3)

Бұл оқиға 2015 жылдың 26 маусымы күні Тельман бөлімшесіндегі үйлердің бірінде орын алған. Ойнап жүрген кішкентай бала әжетхана тесігіне түсіп кетеді. Мұны байқаған баланың туыстары көшеге шығып, көмекке адам шақыра бастайды.

001 (4)

– Маған әйелім хабарласып, болған жағдайды айтқан кезде, үйге жетіп келіп, не істерімді білмей, көмекке шақыруға жүгірдім, – дейді жәбірленушінің атасы. – Алдымнан екі полиция қызметкері шықты, олар ойланбастан қол ұшын беруге келді. Бірі құтқарушыларға және жедел жәрдемге хабарласса, енді бірі әжетхана тесігіне сиятын арық денелі адамды іздестіре бастады. Кейін ол екі тәртіп сақшысының ОҚО ІІД ӘПБ іздестіру саласының қызметкерлері, полиция капитаны Әбдіжалел Қожабаев және полиция майоры Бауыржан Дүйсенов екенін білдім.

001 (1)

Тәртіп сақшылары көрші 11 сынып оқушысы Сатым Досхан есімді оқушыны шақырып, арқанмен әжетхана тесігінен түсіріп, кішкентай баланы алып шығады. Кейіннен ол баланы да тартып шығарады. Полиция қызметкерінің жедел әрекеті мен оған жасалған көмектің нәтижесінде бір жарым жасар нәрестенің өмірі аман қалды.

001 (2)

Ал жедел жәрдем қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, тәртіп сақшылары дер кезінде көмек қолын созбағанда, бірнеше секундқа кешіккенде бала тұншығып қалатын екен. Қазіргі таңда баланың денсаулығына келер қауіп жоқ, жағдайы жақсы.