Зиянды қалдықтан құтылатын уақыт жетті

293

Шымкенттегі Тельман бөлімшесінде қордаланған химиялық қалдықтардан арылатын уақыт жетті. Мәселені 10 жылдан бері көтеріп келе жатқан тұрғындар қайда барарын да білмейді. ОҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы дәрілерді жоямыз деп отыр. Алайда, бұл қадамның не берерін әлі ешкім нақты білмейді.

004

Мына үйіндінің астындағы химиялық нитраттардаң зияндығын ауыл тұрғындары 2006 жылдан айтып келеді. Талай хат та жазды, ондаған құзырлы органдарға шағымданды. Көпшіліктің өтінішімен санитар мамандар қалдықтардың құрамын анықтау үшін бірнеше сынамаларды алған болатын.

2009 жылы оны жоюдың жолдарын іздеген әкімдіктегілер арнайы жиындар өткізді. Өкінішке қарай, ол қадамның барлығы сөз жүзінде қалып келді. Оның үстіне басшылар ауысқан сайын мәселе кейінге қалып қойды. Ал тұрғындар өз проблемасымен өздері қала берді.

60-ты алқымдаған Мұрат қария – ІІ топ мүгедегі. Дертімді үй іргесіндегі зиянды қалдықтар асқындырып жіберді дейді. Бұл үйінді, оның айтуынша, 80-жылдардан бері жатыр. Сайрам ауданынан шыққан химиялық қалдықтар қараусыз қалып, тіпті, оның біраз бөлігіне жеке үйлер салынып кеткен. Санитар дәрігерлер кезінде зиянды жердің қорғау аймағы 500 метрден аспауы тиіс деген қорытынды жасаған.

Жақында тұрғындар күрделенген түйткілді қайта көтерді. Олардың жанайқайына бұл жолы да зиянды қалдықтарды жою жолдарын іздестіргендер жобалық құжаттар қайта әзірлене бастады.